Page 96 - Теория кавитации
P. 96

Егер сіз сорғының қуаттылығын бақылау үшін КИМ-ді қолдана алсаңыз. Бұл жағдайда
                  сорғы  байланыстары  арасында  сигналды  реттеу  үшін  сыйымдылығы  кем  дегенде  100  мкФ
                  болатын конденсатор орнату қажет болып табылады.
                        Топтамада сорғышы бар сорғы, 10 мм қиындысы бар және ұзындығы 1 м икемді құбыр,
                  ұзындығы 2 м болатын қуат кабелі болады.










                                                              Сурет 11 – Сорғы.

                        Қуаттау кабелі 2,1 ұяшықпен тұйықталады. Оны қосу үшін сіз оны кесіп екі бірдей бос
                  сымдар ала алсыз. Немесе, егер оны кесу қажет болмаса, ұстатқышы бар істік алыңыз.
                        Жұмыс барысында сорғының қызып кетуін болдырмас үшін ол толығымен сұйықтыққа
                  батып тұруі қажет.
                        Сипаттамалар:
                      -  қуат кернеуі: 5,5-12 В
                      -  тұтынылатын тоқ: 65-300 мА
                      -  тұтынылатын қуаттылық: 0,5-3 Вт
                      -  берілу биіктігі. 40-150 см
                      -  беру жылдамдығы: 100-200 л/ч
                      -  шу деңгейі: 30 дБ кем емес
                      -  құбыр габариттері: 10×100 см
                      -  қуат кабелінің ұзындығы: 2 м
                      -  жабын өлшемі: 38×38×29 мм
                      -  салмағы: 125 г

                        Реле.
                        Ардуно  релесі  үлкен  тоқтар  немесе  кернеулерпге  қатысты  режимде  жұмыс  істейтін
                  қондырғыларды қосуға мүмкіндік береді. Біз тікелей Arduino  тақшасына қуатты сорғыштарды,
                  қозғалтқыштарды,  тіптен  қарапайым  жарық  лампасын  қоса  алмаймыз  –  тақша  мұндай
                  жүктемеге  арналмаған  және  жұмыс  істемейді.  Дәл  сондықтан  да  бізге  кез-келген  жобада
                  кездестіре  алатындай  сызбаға  реле  қосуға  тура  келеді.  Бұл  мақалада  біз  реле  дегеніміз  не,
                  олардың қандай түрлері болады, олларды өз арудинио жобаларымызға қосуға болады ма  деген
                  тақырыпта сөз қозғаймыз.
                        Реле – бұл электр желілерін түрліше параметрлермен байланыстыруға мүмкіндік беретін
                  шлюз. Өзендегі қарапайым шлюздерді түрлі биіктіктерде орналасқан су арналары қақпаларын
                  ашып немесе жабу арқылы қосып тұрады. Ардуино релесі белгілі бір әдіспен элктр желісін
                  тұйықтандырып  немесе  ашу  арқылы  олар  жалғанған  сыртқы  қондырғыларды  қосып  немесе
                  сөндіріп  тұрады.  Ардуино  және  реле  көмегімен  біз  үйде  жарықты  қосып  немесе  өшірген
                  сияқты– тұйықтауға немесе қосуға бұйрық бере отырып, қосу немесе өшіру үрдісін бақылай
                  аламыз. Ардуино тек сигнал береді, қосу немесе өшіру немесе «қуатты» тізбекті ажыратуды
                  реле арнайы ішкі механизмдер арқылы орындайтын болады. Релені қашықтықтан басқаратын
                  баспа ретінде түсінуге болады, оның көмегімен «әлсіз» сигналдарға қатысты қажетті әрекеттер
                  жасай аламыз.

                                                                  95
   91   92   93   94   95   96   97   98   99   100   101