Page 99 - Теория кавитации
P. 99
ақпараттық технологиялар арқылы жүзеге асады. Автоматтандырудың төменгі деңгейінде
технологиялық үдерістерді юасқаруда әр түрлі есептеу құрылдары, бағдрламалық
технологиялар – интеллектуалды датчиктер, микропроцессорлық компоненттер негіздегі
бағдарламаланатын логикалық контроллерлер қолданылады. Жоғарғы деңгейде – өдіріс
масштабындағы есептегіш желілер, операторлардың автоматтандырылған жұмыс орындары,
технологиялық ақпараттарды сақтау жүйелері (деректер базасы) және басқа да бағдарламалық-
техникалық құрылғылар. Технологиялық өндірісті автоматтандыруғар арналған
бағдарламалық-есептегіш құрылғылар жиыны және олардың инфраструктурасы технологиялық
үдерістің бағдарламалы-техникалық кешенін (БТК) құрайды. БТК кірісіне датчиктерден
үдерістің технологиялық параметрлері туралы ақпараттар бар дабылдар келіп түседі.
Өндірісті басқарудың орталықтанған жүйесінің бағдарламалы-техникалық комплекснің
құрылымы иеарархалы болады, оның құрамында мынадай компонентері болуы қажет:
1. технологиялық параметрлердің датчиктерінен ақпаратты автоматты түрде жинайтын
құралдары;
2. перифериялық қондырғылары бар есептеу құралдары;
3. ақпаратты өңдеу және оны желіге беру құралдары;
4. технологиялық ақпараттарды басқару және көрсету құралдары;
5. операторлардың автоматтандырылған жұмыс орнын жасайтын құралдар.
БТК үзіліссіз электр тұтынуды қамтамасыз ету үшін:
1. қажетті қуаттағы электртұтынудың үзіліссіздігін қамтамасыз ету жүйесін іске асыру;
2. өндірістік желідегі тұтынудың үзілуі кезінде жұысты 1 сағаттай ұстап тұруы қажет.
Автоматты басқару жүйелерін құрудың бүгінгі қағидаларын қолдана отырып, кванттық
жылу электр стансасынын автоматты түрде басқару жүйесінің мынадай құрылымын анықтауға
болады:
1) диспетчерлік деңгей;
2) желілік интерфейстік деңгей;
3) контроллерлер және кіру/шығу модулдері деңгейі;
4) датчиктер мен атқарушы тетіктердің деңгейі.
Диспетчерлік деңгейдің негізгі қызметі – деректерді жинау мен өңдеу және технологиялық
үдерісті көрсету. Диспетчерлік деңгей құралдары өндірістік қызметкерлерге технологиялық
үдерісті ұзақтан бақылауға, архивтік және ағымдағы деректерді қабылдауға ыңғайлы
мнемосхема, график, диаграмма түрінде қол жеткізуге мүмкіндік береді. Диспетчерлік деңгей
операторлардың автоматтандылыған жұмыс орындары ретінде келтірілген.
Желілік интерфейстік деңгей есептегіш құралдардың жоғарғы және төменгі деңгейлерінің
арасындағы аралық қабат болып табылады. Және де автоматтандырылған жұмыс орны (АЖО),
деректер базасы жүйесі, өндірістік контроллерлер мен нысанмен – объектімен түйісетін
құралдар араларындағы әрекеттестікке жауап береді.
Есептегіш құралдар интерфейстерді (RS-485, Ethernet) қолдану арқылы келісушілік
блоктарымен ортақ желіге біріктірілген. Келісушілік блогы компьютердің тізбектік портына
қосылады (немесе ұлғайтқыш платалар түрінде ұяшықтарға орнатылу арқылы компьютерге
тікелей орнатылады) және RS-485 интерфейсін RS-232 интерфейсіне және крісінше өзгертетін
өзгерткіштің қызметін атқарады. RS-485 интерфейсі бойынша желіге диспетчерлеу және
басқару үшін қосылған өндірістік контроллерлердің кіріс параметрлеріне сұраныс жасау
жүргізіледі. Бұл деңгейдің қызметі – автоматтандырудың есептегіш құралдары арасында
ақпарат алмасу. Бұл деңгейде деректерді жіберудің берілген уақытта іске асырылуына
кепілдікті, жеткізудің ең аз уақытын, берілетін ақпараттың дұрыстығы қамтамасыз етіледі. Бұл
деңгей мыналармен іске асырылады: маршрутизаторлар, шлюздер, коммутаторлар, және де
желінің кабелдік инфраструктурасы.
98