Page 103 - Теория кавитации
P. 103

4-Сурет – Уақытты таңдау терезесі.

                       Осы  терезеден  керекті  уақытты  таңдап,  OK  батырмасын  басқан  кезде  мнемосхема
                  шақырылады.  Ол  мнемосхемада  барлық  датчиктерді  бір  терезеден  көруге  болады.
                  Мнемосхемаларды жасамастан бұрын коммерциялық  SCADA жүйелердің ақаратты экранға
                  шығарылуына қоятын талаптары зерттелді.
                       Ары қарай деректерді  анықтау тәсілі жасалды. Ақпаратты сақтау  үшін ini-файлдардың
                  форматы таңдалды. Ini-файлдардың форматы өте қарапайым. Ол текстік файл болып табылады.
                  Ондағы секциялар деп параметрлер тобы айтылады. Тексте секция атаулары квадрат жақшаға
                  алынады.
                       Деректер    «<Кілттің  аты>=<Мәні>»  түрінде  сақталады.  Мәнге  ену  үшін  праметрлері
                  секцияның аты және кілттің аты болаты функция шақырылады.  Тарихқа үңілсек, ini-файлдар
                  Windows  3.1  пайда  болды  және  онда  жүйелік  файлдарды  сақтау  үшін  қолданылды.  Бұл
                  жұмыста  ini-файлдар  тез  көшетіндіктен  және  деректерді  кез  келген  редактормен  өңдеуге
                  болатындықтан қолданылды.
                        Delphi тілінде  бағдрламашының осы типті файлдармен жұмыс жасауын  жеңілдететін
                  арнайы tIniFile  класы  бар. Бұл  класты  жасаған кезде міндетті түрде файлдың атын көрсету
                  қажет. Үнсіз қабылданған жағдайда, егер файлға баратын жолды көрсетпесек, онда Windows-
                  тың жүйелік директориясына жол көрсетіледі. Бұл класс параметрлерді жазатын және оқитын
                  операциялар  жиынын  береді.  Параметрлер  мәні  бүтін,  жолдық,  бөлшектік  және  логикалық
                  мәнді форматта оқылып және жазыла береді.
                       Төменде тестілік мнемосхеманың мысалы келтірілген:
                       [COMMON]
                       TITLE=Тестілік мнемосхема
                       BGCOLOR=15793151
                       CHANNELS=5,7
                       BMP=1.bmp
                       [OBJECT0]
                       TYPE=t_number
                       CHANNEL=5
                       Position=10,0,40,21
                       FORMAT=1.2
                       TRANSPARENT=y
                       SHOWVALUE=y
                       PARAMSNUMBER=
                       RANGEGREEN=0 100
                       RANGEYELLOW=0 100
                       RANGERED=0 100

                       Мнемосхема секцияларының сипаттамасы 3-кестеде келтірілген. Ол жерде екі секция бар:
                  Common, objectN.



                                                                 102
   98   99   100   101   102   103   104   105   106   107   108