Page 4 - Төлентай Наслизат
P. 4

І Кіріспе

                   1.1 Көпіршік-ату құбылысы дегеніміз не?


                   Көпіршік-ату  (кавитация  –  cavitation)  деп,  белгілі  бір  алғышарттар
            орындалғанда,  көпіршіктік  құрылымдардың  –  қуыстардың  арнайы  бір
            субстанцияда  пайда  болып,  мәжбүрлі  түрде  жарылып,  содан  күтулі  және  де
            күтпеген соңғы әрекеттердің туындауын айтамыз. Кейде бұл құбылысты немесе
            үдерісті  көпіршік-ату  ерен  құбылысы  (КА-ЕҚ)  немесе  көпіршік-ату  феномені
            (КАФ)  деп  те  атаймыз.  Көпіршік-ату  –  өзіндік  күшке  һәм  энергияға  ие  –  олар
            көпіршік-ату күші (КАК) және көпіршік-ату энергиясы (КАЭ) делінеді. Табиғатта
            көпіршік-ату энергиясын “еркін энергия” ретінде қабылдаған жөн болмақ, өйткені
            табиғи радиациямен қатар (Вернадскийдің пайымдауы бойынша), көпіршік-ату –
            энтропияның  қисапсыз  өсуін  тежейтін  ерекше  құбылыс.  Сондықтан  да,  табиғи
            көпіршік-ату күшін түбегейлі әсерлесу күштерінің (ТӘК) жетіспей тұрған кезектегі
            күші десек қателеспеспіз деген ойдамыз. Сөз орайы келіп тұрғанда айта кетейік:
            табиғи радиациялық күшті де – ионданудың сәулелену күшін де осы ТӘК қатарына
            қосқан да дұрыс болады деген сенімдеміз; солай етсек, ТӘК құрамындағы күштер
            саны жетіге жетіп, табиғат пен адамзат тіршілігінде жеті санының киелілігі орныға
            түсіп, оның ерек сипаты айқындалары хақ. Көпіршік-атудың ауадағы және судағы
            жарқын  мысалдарын  атап  өткен  жөн,  олар  мейлінше  көп  кездеседі  және  де
            тыңғылықты  зерттеліп,  адамдардың  күнделікті  тіршілігінде,  жаңармалы
            технологияларда  елеулі  орын  алуда   –  деуге  тұрарлық.  Бір  ғасыр  бұрынғы
            кезеңдерде мамандар ортасында  – кеме құрастырушылар мен гидро- және жылу
            электрстансалар  тұрғызушылар  арасында  теріс  пікір  мен  көзқарас  туындатушы
            құбылыс болғанымен, өткен ғасырдың орта шенінен бастап, КА-ЕҚ пен КАФ деген
            терістер біртіндеп оң пікір мен көзқарасқа ауыса бастады. Оған осы XX ғасырдың
            30-50-жылдарында,  дәлірек  айтсақ  1931-1934  һәм  1946-1947  жылдары
            кавитациялық  Ранк-Хилш  құбырының  пайда  болып,  соның  негізінде  арқандық-
            құйындық Ранк-Хилш технологиялық базалық  құрауышының құрастырылуы зор
            рөл  атқарғандығын  атап  өткен  жөн  болмақ.  Ендігіде  ары  қарай  курстық
            жүмысымды жалғастыру үшін элементарлық бөлшектерге  ұқсас көпіршік-атудан
            туындаған жаңа неологизм түрлері болып табылатын  «CAVITation»+«IONization»
            сөз жұбынан туындаған «cavition» – кавитион, қысқаша ci: ci1 – атом-нуклондық
            құрылымдар  үшін,  ci2  –  молекулалық  құрылымдар  үшін,  бұл  екеуі  микроәлем
            үдерістеріне  арналған;  кавитиондардың  ci3  һәм  ci4  түрлері  –  макроәлем
            үдерістеріне арналған: ci3 – макромолекулалармен байланысты үдерістерге, ал ci4
            – көзбен көріп, бақылауға болатын үдерістерге арналған [1].
   1   2   3   4   5   6   7   8   9