Page 10 - 2 апта ОМЭОҚ Кунапьянова Айдана-конвертирован
P. 10
3) айқын – таламиялық гипоталамиялық көріністермен диэнцефалды
патология.
Аз энергия мен жоғары жиіліктегі ультрадыбыстармен байланыстары
бар еңбек гигиенасы сұрақтарының маңызы зор. Ультрадыбыстардың әсеріне
жүйелі түрде әсер ететін жұмыспен әсері бар мамандарда қолдардың
вегетативті полиневриті дамуы мүмкін. Негізгі шағымдары – алақанның
тершеңдігі, қол саусақтарының жансыздануы. Қолдардағы гипестезия
түріндегі полиневрит анықталынады, тырнақ капилляроскопиясы кезінде
капиллярлардың спазмдары немесе спастикалық атониясы дамиды. Емі.
Вегетативті полиневрит кезінде емдік шаралар қолданылады. Процестердің
айқындылық деңгейлеріне байланысты қолдың вегетативті полиневриттері
кезінде еңбек ету қабілетінің сараптамасының сұрақтары шешіледі. Ол
болмаған кезде немесе ауырсыну синдромы аз айқындылықта болса, жұмыс
қабілеті сақталынады. Жиі парестезия немесе ауырсыну сезімдерімен жүретін
вегетативті тамырлар немесе сезімталдықтың бұзылуларының айқындылығы
кезінде, науқастар ультрадыбыспен байланыстары бар жұмыстардан
шектелінеді. Алдын алу шаралары дыбыс қысымының адам ағзасына
әсерлерін төмендетуге арналған. Яғни оған ультрадыбыспен қатынаста
болатын уақыт ұзақтығының қысқаруы, дистанционды басқаруларды қолдану,
электромагниттік толқындардан дыбыстарды шектейтін экрандарды
қолданулар, жеке басының қорғаныс заттарын қолдану жатады.
Ультрадыбыспен қолдардың байланысын үзу мүмкін болмаған жағдайларда
резиналы перчаткаларды қолданады. Құралдардаың шектейтін қол саптары
болу керек. Кезеңді түрде 12 айда бір рет, жұмыс басталғаннан кейін алғашқы
36 айда бір рет медициналық қараудан өту керек. Барлық тексерушілерге
суықтық сынамасын, вибрациялық сезімталдықтарын тексеру керек. Шеткі
тамырлардың ангиоспазмы, Рейно ауруы, облитерирлеуші эндартериит, шеткі
жүйке жүйеснің сүлелі аурулары ультрадыбыспен байланыста болатын
жұмыстанр үшін медициналық қарсы көрсеткіш болып табылады.
17