Page 8 - 2 апта ОМЭОҚ Кунапьянова Айдана-конвертирован
P. 8

Медицинада  ультрадыбыс  адам  денесін  ультрадыбыстық  тексеру

                  (сканерлеу)  үшін  пайдаланылады.  Сүйек,  май  және  бұлшық  еттер

                  ультрадыбысты түрліше шағылдырады. Электр импульстеріне түрлендірілген

                  бұл шағылған толқындар экранда кескін береді.

                         Ультрадыбыстық тексеру жолымен сырқат адамның денесіндегі әртүрлі

                  ауытқулар — қатерлі ісіктер, дене мүшелері пішінінің өзгерулері анықталады.

                         Ультрадыбыстың көмегімен тастар ұнтакталады, металдарды және аса

                  қатты материалдарды кесу және дәнекерлеу жүзеге асырылады.

                         Алайда  ультрадыбысты  адамның  ұзақ  уақыт  бойы  қабылдауы  жүйке

                  жүйесіне  әсер  етеді,  қанның  құрамының,  сапасының  және  қысымының

                  өзгеруін, бас ауруын тудырады, құлақ та естімей қалуы мүмкін.

                         Ультрадыбыстарды  дельфиндер,  иттер,  жарқанаттар  және  басқа  да

                  тіршілік  иелері  шығарады.  Мысалы,  жарқанаттың  ультрадыбыстық

                  гидролокаторлары  адам  жасаған  ең  күшті  деп  есептелетін  радио  және

                  гидролокаторлармен салыстырғанда мүлтіксіз жетілген.

                         Олар  ультрадыбыстарды  шығару  арқылы  өзінің,  ұшу  бағытын  және


                  қажетті қорегін таба алады. Ультрадыбыстың әсері. Ультрадыбыс дегеніміз 2
                  х  104  нен  1013  Гц  жиілік  толқынды  айтады.  әдетте  20  КГц  жиіліктегі


                  механикалық  тербелістер  адам  құлағымен  қабылданбайды.  Ол  дыбыс
                  қысымының  бірлігі  децибелмен  өлшенеді.  Ультрадыбыс  табиғатта  кеңінен


                  таралған.  өндірісте  ол  шудың  қосымшасы  болып,  мысалы  реактивті
                  двигателдер  жұмысында,  газ  трубалары  және  басқада  процестерде.


                  Ультрадыбыстар  механикалық  және  электромеханикалық  әдістермен

                  алынады.  өндірісте  магнитострикциялық  және  пьезоэлектрлік  сәулелерді

                  қолданады. Біріншісі төмен жиіліктегі ультрдыбыстарды алу үшін алу үшін

                  (200  КГц),  екіншісі  50  МГц  дейінгі  жиіліктегі  ультрадыбыстарды  алуға

                  қолданады.  Төмен  жиіліктегі  ультрадыбыстар  ауауда  жақсы  таралады.  Ол

                  жоғарлаған  сайын  ауадан  таралу  жиіліктері  төмендейді.  Қысқа  толқынды

                  жоғары жиіліктегі ультрадыбыстар ауада мүлдем таралмайды. Газды

                                                               15
   3   4   5   6   7   8   9   10   11   12   13