Page 6 - 6-СЫНЫП. КАЗАК АДЕБИЕТИ. АТАМУРА
P. 6

ТУҒАН ЖЕРІМ – АЯЛЫ АЛТЫН БЕСІГІМ







                   – Õалық ауыз әдебиеті – халықтың ғасырлар бойы ауызша шығарып,
                 сақтап келген әдебиеті, рухани асыл қазынасы.





                   – Ертегі, мақал-мәтел, жұмбақ, жаңылтпаш, батырлар жыры, аңыз-
                 әңгімелер, түрлі өлең-жырлар есте жоқ ескі замандардан бері жалғасып,
                 ұрпақтан ұрпаққа жетіп отырған. Сол ұзақ ғасырлар бойында олардың
                 алғашқы  шығарушылары  –  авторлары  да  ұмыт  болып,  өзгерістерге
                 ұшыраған.



                   –  Ауыз  әдебиетінен  халықтың  тарихын,  тұрмыс-тіршілігін,  салт-
                 санасын,  ой-арманын  т.б.  білеміз.  Ол  –  халықтың  бай  әрі  шұрайлы
                 тілінің жемісі.
                   Ертегілер  –  адам  баласының  жазу  өнері  болмаған  кезде  ауызша
                 шығарған көркем әңгімесі, ауыз әдебиетінің көне әрі күні бүгінге дейін
                 өз мәнін жоймаған түрі.




           !    білдіретін, я сол  көзқарастың  белгілі  ізін  көрсететін, онан
                    ертеãі деп баяғы  замандағы  елдің  дүниеге  көзқарасын

                соң елдің  белгілі  салтын  білдіретін, арнаулы  үлгі  айта-
                тын, жамандықты  жерлеп, жақсылықты  көтеріп  айтқан,
                ойдан  шығарған  көтерме  әңгімені  айтады.

                                                                   мұõтар әуезов






                   –  Ертегілер  қиял-ғажайып  ертегілері,  жа нуарлар  жайындағы
                 ертегілер, шыншыл ертегілер болып бөлінеді. Олардың әрқайсысының
                 өзіндік ерекшелігі бар.



                                                  5
   1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11