Page 9 - 6-СЫНЫП. КАЗАК АДЕБИЕТИ. АТАМУРА
P. 9

дүниедегі адамның жаманын, құстың жаманын және шөптің жа-
             манын тауып әкеліңдер. Он бір ай уақыт беремін. Сол он бір айдың
             ішінде тауып әкелмесеңдер, жазалы боласыңдар, – депті.
                 Õан бұйырған соң, амал жоқ, уәзірлері өзара ақылдасып, іздеуге
             кіріседі.
                 Көп іздеп, азап шегіп, шеңгел деген шөпті тауып: «Өзі – тікен,
             арасынан жүрсе киім жыртады, мал жемейді екен, шөптің жама-
             ны осы ғой», – деп шеңгелді алады. Қырғауыл деген құсты тауып:
             «Үстінде жүні жоқ, ұсқыны келіссіз, құстың жаманы осы екен», –
             деп қырғауылды атып алады. Енді адамның жаманын таба алмай,
             қырық уәзір келе жатса, таудың етегінде үстінде жыртық тоны,
             басында тері тымағы бар, ұсқынсыз бір адам бес-он қойды бағып
             жүр екен. Óәзірлер таңырқап: «Адамның жаманы, сірә, осы болар-
             ау», – деп тұрғанда, әлгі адам:
                 –  Óа, мырзалар, неге таңырқайсыңдар? – депті.
                 Óәзірлер  ханның  сондай  бір  жұмысқа  жұмсағанын,  шөптің,
             құстың  жаманын  тауып,  енді  адамның  жаманын  таба  алмай,  ол
             адамның ұсқынын көріп таңданып: «Адам жаманы осы болар», –
             деп таңырқап тұрғандарын айтыпты.
                 Жаман тұрып:
                 – Болды, адамның жаманы керек болса, мен боламын. Õанға
             мені алып барсаңыз, сіздердің жұмысыңыз бітеді, – дейді.
                 Óәзірлер:
                 –  Олай  болса,  жарайды,  –  деп  Жаманды  аттың  артына
             мінгестіріп алып, ханға жөнеледі. Õанға келе жатып, Жаман:
                 –  Адамның жаманын тауып алдыңыздар, бірақ шөптің, құстың
             жаманын  таба  алмаған  екенсіздер.  Шөптің  жаманы  –  қарақоға,
             құстың  жаманы  сауысқан  еді,  –  деп  уәзірлерге  қырғауыл  мен
             шеңгелді тастатып, олардың орнына қарақоға мен сауысқанды ал-
             дырады. Óәзірлер мәнісін сұрайын деп еді, ол:
                 –  Õан алдында айтам, – деп сөйлемеді. Óәзірлер келген соң,
             хан әкелген адамның ұсқынына қарап:
                 –  Әкелген  адамың  жарайды.  Мұнан  жаман  кісі  дүниеде  жоқ
             шығар.  Қазір  аспазшыға  апарыңдар,  көже  мен  нан  берсін,  сый-
             ласын. Ертең ортаға алып, тамаша етеміз, – деп Жаманды асүйге
             жіберді.


                                                  8
   4   5   6   7   8   9   10   11   12   13   14