Page 14 - 6-СЫНЫП. КАЗАК АДЕБИЕТИ. АТАМУРА
P. 14
Õан таққа отырып:
– Апырмай-ай, тақсыр, менің наубайдың баласы екенімді
қайдан білдіңіз? – дейді.
Сонда Жаман:
– Мен жаман-жақсы болсам да, үйіңізге келген қонақ едім.
Õандардың ішер асы – жал мен жая аузыңызға түспей, нан, көже
түсіп, келісімен аспазшыға жібердіңіз. Салтыңызға тарттыңыз.
Сіздің аталы хан емес екеніңізді содан байқадым, – деді.
Жиылған жұрт таңғалды.
Сол күйінше хан тағы да хандық құрды. Жаман оған жақсы
уәзір болды. Жаман ханға ақылымен, тапқырлығымен жақты. Со-
дан былай қарай қырық уәзір елеусіз боп шетте қалды...
! қара қылды қақ жарған би, абыз. Кейбір деректерде Аяз би
Аяз би – халық арманынан туған кейіпкер. Шешен,
Майқы бидің кеңесшісі, ÕІІ–ÕІІІ ғасырларда өмір сүрген,
тарихта болған адам деп те айтылады.
1-тапсырма. Ертегідегі тұспал, жұмбақ, ишара сөздерге назар ауда-
рып, идеясын түсіндіріңдер.
2-тапсырма. «Аяз би» ертегісінің сюжетін топта талдап, оқиғаның
шиеленісуі мен аяқталуы туралы пікір білдіріңдер. Õанның бейнесіне
сипаттама жасаңдар.
3-тапсырма. Берілген үзіндіні мәнерлеп жатқа оқып, диалог
түрінде айтып беріңдер.
«Жаман:
– Жоқ, тақсыр, кешегі күні «Жаман кісі керек», – дегенде, ат
артына салып келген Жаман едім, бүгін таққа отырмаймын. Сіздің
көлеңкеңізде жүрсем де жарар. Тағыңызға өзіңіз отырыңыз, – деп
болмайды.
13