Page 11 - 6-СЫНЫП. КАЗАК АДЕБИЕТИ. АТАМУРА
P. 11

ұшпаған,  екеуі  бірігіп  қонбаған,  адам  пайдасына  аспайтын  арам
             құс еді. Сондықтан құс жаманы сауысқан деймін.
                 –  Õош, сауысқан мен қарақоғаның жамандығын білдің. Енді
             өзіңнің жамандығыңды қайдан білдің? – деді хан.
                 –  Óа, тақсыр! Менің жасым елуге келді. Мен қатарлылар әйел
             алып, бала көрді, келін жұмсап, қызық көріп отыр. Мен қайда бол-
             са сонда, әлі күнге дейін әркімнің артына мінгесіп, басқа біреудің
             құлшылығында жүрмін. Енді мен жаман емей, жақсымын ба? –
             деп Жаман ханға қарады. Õан басын шайқап:
                 –  Апыр-ай,  сен  жаман  болсаң  жарар  еді...  Құстың,  шөптің,
             өзіңнің  жамандығыңа  дәлел  айттың,  жарайды.  Енді  менің  бір
             тұлпарым бар, соны сынап бересің бе?– деді.
                 – Жақсы, сынап берейін.
                 Тұлпарды  алып  келген  соң,  Жаман  тұлпардың  алды-артына
             қарап:
                 –  Тұлпарыңыздың  сипатынан  мін  таба  алмадым.  Енді  мініп
             қарар едім,– деп ханнан рұқсат сұрап алып, тұлпарға мініп, есік
             алдындағы өзеннен әрі-бері өтті де, қайтып келіп:
                 – Тақсыр! Тұлпарыңыздан басқа мін таба алмадым. Тұлпарыңыз
             тек сиырға шатыс екен, – деді.
                 Õан таңданып:
                 –  Апыр-ай, залым, оны қайдан білдің? Айтқаның рас. Менің
             Ақша  хан  деген  құдам  бар  еді.  Соның  тұлпар  табатын  бір  буаз
             биесін қалап алдырған едім. Бие күні жетіп, құлынды туа алмай,
             өлер  болған  соң:  «Бие  өлсе,  құлын  қалсын»,  –  деп  биенің  ішін
             жарып, құлынды алғанмын. Сол құлын осы еді. Әбден отығып кет-
             кенше, сиырдың сүтімен асырап едім. Ал енді сен мұның сиырға
             шатыс екенін қайдан білдің? – деді хан.
                 – Тұлпардың одан басқа мінін таба алмадым. Бірақ тұлпарыңыз
             судан әрі-бері өткенде, аузын суға малып, артқы аяғын сілкіп өтті.
             Сиырды  күніне  қырық  суарсам  да,  судан  айдағанда,  аузын  суға
             малмай, артқы аяғын сілікпей өтпеуші еді. Тұлпардың сиырға ша-
             тыс екенін содан білдім, – деді.
                 Отырған жұрт таңғалып, бір-біріне қарасты.
                 Õан біраз ойланып отырып:


                                                 10
   6   7   8   9   10   11   12   13   14   15   16