Page 12 - 6-СЫНЫП. КАЗАК АДЕБИЕТИ. АТАМУРА
P. 12

– Енді менің бір гауһар тасым бар. Сол тасымның қандай қасиеті
        бар екенін тап, – деп қазынасындағы тасты алдырып берді.
            Жаман тасты қолына алып салмақтап, шайқап қарап отырды
        да:
            – Сіздің тасыңыз, рас, қасиетті тас екен. Бірақ екі жылдан соң
        қасиеті бітеді. Тасыңыз көзіккен екен. «Адам тілі тас жарар, тас
        жармаса, бас жарар» деген. Тастың ішінде көз тиіп түскен екі қара
        бас  құрт  бар.  Тасыңыздың  пышақ  сыртындай  ғана  қалыңдығы
        қалыпты. Сол құрт екі жылдан соң тесіп шығады. Тесіп шыққан
        соң, тасыңыз пайдаға аспайды, – деді.
            Бірсыпыра  жұрт  не  дерін  білмей:  «Бәрібір  екі  жылдан  соң
        пайдаға аспайтын болса, тасты жаралық», – десті. Бірсыпырасы:
        «Жаманның сөзіне бола тастан айырылмайық», – десті. Ақырында,
        тасты жармақшы болды. Тасты жарып қараса, ішін екі қара бас ақ
        құрт кеулеп, тесуге жақындап қалған екен.
            –  Тастың ішінде құрт бар екенін қайдан білдің? – деді хан.
            –  Тастың өз қасиетіндей салмағы да болуы керек. Тас жеңілдеген
        екен. Құрт бар екенін содан білдім, – деп Жаман жауап берді.
            –  Апырым-ай,  сен  жаман  болмадың  ғой,  тіпті  бір  данышпан
        болып жүрме! Ал сен менің өзімді сынашы? Мен неше атамнан бері
        хан екенмін?– деді хан. Жаман:
            –  Жақсы,  –  деп  тақта  отырған  ханның  алды-артына  шығып,
        алдына келіп, ханның бетіне тіке қарап тұрып:
            – Жоқ, тақсыр, сіздің басыңыздан басқа тегіңізде хандық жоқ
        екен,  хандық  қара  басыңда  екен.  Қарадан  туып  хан  болғансың,
        атаңда  хандық  жоқ  екен!  –  деді.  Жаманның  сөзін  бітірмей,  хан
        оның сөзін бөліп:
            – Жоқ, қате айтасың, мен жеті атамнан бері ханмын. Өзімді
        қойғанда да алты атамды қайда жібересің,– деп Жаманға жекірді.
        Жаман саспады.
            – Жоқ, тақсыр, сіздің қара басыңыздан басқа тегіңізде хандық
        жоқ. Сіз нағыз наубайдың баласысыз, – деді.
            Õан не дерін білмей, халыққа қарап:
            –  Апырым-ау,  мына  Жаман  не  дейді?  Õалқым,  мен  хан  ба-
        ласымын деп жүр едім, шақырыңдар анамды! – деді. – Ақыретке


                                                 11
   7   8   9   10   11   12   13   14   15   16   17