Page 60 - 6-СЫНЫП. КАЗАК АДЕБИЕТИ. АТАМУРА
P. 60
– Сонымен қатар Сайын Мұратбековтің «Жусан иісі», Оралхан
Бөкейдің «Тортай мінер ақ боз ат», Қалмақан Әбдіқадыровтың
«Қажымұқан» шығармаларын оқимыз.
Àқûí ïіêіðі
Қазаққа ілгерілеу керек болса, мұны аз қалыпта қалдырмай,
көбірек тұрсын, бәріне таныс жетілген жұрттардың қатарына
қосу керек; олармен бірге адам баласының жеңіл күн көруіне,
тегіс бақытты болуына жол табу керек, іздесіп, атсалысу ке-
рек... Бізге керегі – қайткенде солардың білімін тез үйреніп,
қайткенде сол қатарға тез қосылу ...
Сұлтанмаõмұт торайғыров
СұЛтАнмАÕмұт тоРАÉғыРов
(1893–1920)
Сұлтанмахмұт Торайғыров 1893 жылы қазіргі
Солтүстік Қазақстан облысында кедей шаруа ның
үйінде туған. Бел гілі ақын, ағартушы. Бір жасын-
да анасы қайтыс болады. Әкесі Шоқпыт (Әбубәкір)
кедей болса да, әрі балажан, көзі ашық, көңілі
сергек, бірбеткей, өжет, ақпейіл, жомарт адам еді.
Ол Сұлтанмахмұтты тәрбиелеп өсіруге бар күшін
салады.
Сұлтанмахмұт 1912 жылға дейін ауылда өседі. Әкесінен,
ауылдағы молдалардан сабақ алып, хат танып, көзін ашады.
1912 жылы Троицк қаласына барып оқи бастайды. Дәл осы кезден
әдебиетпен айналысуы, өлең жазуы басталады.
1915 жылы ол Семей қаласына барады, оқуға түспек бо-
лады. Бірақ оқуға түсе алмайды. Бір жағынан, жасы, білімі
келмейді. Екінші жағынан, қаржысы тапшы болады. Сондықтан
1915–1916 жылдары Çайсан жақта бала оқытады. 1916 жылдың
53