Page 64 - 6-СЫНЫП. КАЗАК АДЕБИЕТИ. АТАМУРА
P. 64
Мен – балаң, жарық күнде сәуле қуған,
Алуға, күнді барып, белді буған.
Жұлдыз болып көрмеймін елдің бетін,
Болмасам толған айдай балқып туған.
Бұл сөзім асып айтқан асылық емес,
Ойында оты барлар асылық демес.
Тебем деп, тірі болсам надандықты,
Серт етіп, өз-өзіме еткем егес.
1-тапсырма. Шығарманың идеясын түсіндіріңдер.
2-тапсырма. Өлеңдегі автордың ішкі сырына назар аударыңдар.
Ақынның мақсаты мен арманын талдап, дәптерге жазыңдар.
3-тапсырма. «Мен – балаң, жарық күнде сәуле қуған, Алуға, күнді
барып, белді буған» деген өлең жолдарындағы ақынның айтпақ ойы-
на мән беріңдер. Аталған өлең жолдарының мағынасын өз ойларыңмен
жеткізіңдер.
4-тапсырма. Өлеңді мәнерлеп, нақышына келтіріп, көтеріңкі,
рухты дауыспен жатқа айтыңдар.
5-тапсырма. «Сұлтанмахмұт øыңы» деген сөзжұмбақ құрастырың-
дар.
6-тапсырма. «Шығамын тірі болсам адам болып, Жүр мей мін бұл
дүниеде жаман болып» өлең жолдары негізінде ойларыңды тұжырымдап,
айтып беріңдер.
56