Page 61 - 6-СЫНЫП. КАЗАК АДЕБИЕТИ. АТАМУРА
P. 61

қысында  Сұлтанмахмұт  Томскіге  барып  оқуға  түседі.  Бірақ
             сырқаттанғандықтан,  оқи  алмайды.  1917  жылы  Семей  қаласына
             қайта оралады.
                 Ол  өмірінің  соңғы  жылдарында  өзінің  «Айтыс»,  «Адасқан
             өмір», «Кедей» сынды поýмалары мен өлеңдерін жазып қалдырды.
             Сұлтанмахмұттың  артында  қалдырған  мәңгі  өлмес  жарқын,  бай
             әдеби мұрасын біз бүгінгі күні барынша қадірлеуіміз керек.
                                                                     Бейсенбай Êенжебаев


               ?       1-тапсырма. Сұлтанмахмұт Торайғыров кім? Ол қайда білім алды?







                              2-тапсырма.  С.  Торайғыровтың  қандай  шығар маларын  біле-
                             сіңдер?  Мұғалім  берген  ақпарат  көмегімен  өз  түсінгендеріңді
                             кестеге түсіріп, айтыңдар.



                       3-тапсырма. «Алаш ұраны» шығар масынан алынған үзіндіні мәнерлеп,
                      жатқа айтып беріңдер.


                                     Алаш туы астында,
                                     Біз – алаштың баласы.
                                     Күніміз туып көгерді,
                                     Сарыарқаның даласы...
                                     Жасасын, алаш, жасасын!
                                     ...Алаш туы астында,
                                     Күн сөнгенше сөнбейміз,
                                     Енді ешкімнің алашты,
                                     Қорлығына бермейміз!
                                     Адамдықтың жолына,
                                     Бастаған ерлер соңында,
                                     Басқаға көңіл бөлмейміз.
                                     ..Бұл заманға жеттік біз,
                                     Жасасын, алаш, өлмейміз!
                                     Жасасын, алаш, жасасын!


                                                 54
   56   57   58   59   60   61   62   63   64   65   66