Page 130 - ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ. 5-СЫНЫП. АТАМҰРА. СҮГІРБЕКОВА А.І.
P. 130
– Кешіріңіз … маған сыймайды. Артық та емес. Қатар жатқан
Эльдар Ғизатулинге құйып қойғандай екен. Бірге оқимыз. Бойы
тәштік. Соған сіздің атыңыздан сыйлайын. Ренжімейсіз бе?
– Түк ренжімеймін.
– Рақмет! – Костюмді қолтығына қысып, жаңағы жолына
түсті.
– Хат жазамын. Келер жылы жазда келемін… Келетін шығар
мын, – деді Манап ізінше.
Естіді ме, Қали кете барды. Баспалдаққа екі-ақ ырғып шығып,
кілт бұрылды да, қолын бұлғады. Күлімсіреп еді, үстіңгі ернінің
сол жақ құйрығы шапши қалды. Орындық қасында тұрған Манап
тың тұла бойы дір етті. Көзін мұнар алды. Алға қарай емпеңдеп
жөней бергені есінде. «Қалқам-ай! Қанатым-ай!» – деген сыбыр
құлағында көшіп жүр. Есік сарт жабылғанда барып есін жиды.
Биік баспалдақ бос екен.
: 1-тапсырма.
1. Манап бауыры Қалиды қайда іздеп келді? Ағайындылар не
себепті ажырасып қалған еді?
2. Екі ағайындының кездесуін назар сала оқыңдар. Кездесу
сәтті болды ма?
: 2-тапсырма.
Берілген портрет кімдікі? Оны көргенде Манап неге орнынан
ұшып тұрды?
Тығыз қара шашы ұсақ-ұсақ бұйра,
қол-аяғы таралып қалған, кең иықты бол
маса да ешкімнен қарызға жауырын сұрай
қоймайтын кішірек көзді ақ сұр бала, дұры
сы бозбала сыртқа серпіндей басып шыға
келгенде, Манап орнынан ұшып тұрды.
119