Page 131 - ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ. 5-СЫНЫП. АТАМҰРА. СҮГІРБЕКОВА А.І.
P. 131
: 3-тапсырма. Шығармадағы сюжеттің композициялық
құрылымына талдау жасаңдар.
4-тапсырма. Берілген үзінділерді оқи отырып, кейіп
кердің кімге және не себепті айтқанын анықтаңдар.
1) – Бар екенсің, бауырым! – деп, алға созған екі қолын айқа
ра ашып, ыстық құшаққа айналдыра беріп еді...
2) – Здравствуйте, дяденька! Как живете? – демесі бар ма!
Созған қолы сынғандай сылқ түсті...
3) – Бұрнағы жылы көкемнің басына тас жинап, қорған
көтердім. Саман кірпішін өз қолыммен құйдым. Көрші ауданнан
екі атадан қосылатын туыстар табылған, олар да аянбады.
4) – О-о, табиғатты жақсы көремін! Әсіресе жан-жануар,
жәндіктерді! Біздегі тірі табиғат мүйісі менің қарауымда. Жы
лан, бақа, шаян, қоңыз, құс – бәрі табылады. Түгел өзіміз
бағып-қағамыз. Үйірмеге отызға жуық оқушылар мүше.
5-тапсырма. Әңгіменің тақырыбы мен идеясы не тура
лы? Өз ойларыңды дәптерлеріңе жазыңдар.
: 6-тапсырма. Сурет пен әңгіме бөліктерін сәй-
кестендіріңдер.
А Ә Б
120