Page 136 - ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ. 5-СЫНЫП. АТАМҰРА. СҮГІРБЕКОВА А.І.
P. 136

ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ



                         : – Отбасы ер-азамат пен әйел адамның заңды неке қиып,
                         отау тігуінен құралады. Отбасының басты қазығы, алтын
                         діңгегі – бала. Баланың тәрбиелі, жан-жақты болып өсуіне
                         берекелі,  өнегелі,  ынтымақты  отбасының  ықпалы  мол.
                Отбасын құрғанда адам өмірге ұрпақ әкеліп қана қоймай, соны­
                мен бірге оған жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтарды,
                ата-бабасының салт-дәстүрін жас ұрпақтың бойына сіңіреді. Ба­
                лаларын өздерін қоршаған ортаға және қоғамға пайдалы азамат
                етіп өсіру – ата-ананың ең маңызды міндеті.

                          :  –  Отбасындағы  құндылықтар  оның  мүшелерінің  қа­
                          рым-қатынасына құрылады. Отбасы мүшелері: әке, ана,
                          ата, әже, балалары және тағы басқа туыстар. Қазақ халқы
                          отбасы  тәрбиесіне  үлкен  мән  берген.  Сондықтан  отба­
                сылық қарым-қатынасқа байланысты көптеген мақал-мәтелдер
                пайда болған.
                                             Мақал-мәтелдер

                                     Қарындасың – қарлығашың.
                                                     ***
                                     Інісі бардың тынысы бар,
                                     Ағасы бардың жағасы бар.

                                                     ***
                                     Ата – баланың қорғаны.
                                                     ***
                                     Атаның көңілі балада,
                                     Баланың көңілі далада.
                                                     ***
                                     Бала – ананың бауыр еті.
                                                     ***
                                     Балалы үй – базар,
                                     Баласыз үй – қу мазар.
                                                     ***

                                     Әкесін сыйламаған кісіні,
                                     Баласы сыйламайды.

                                                  124
   131   132   133   134   135   136   137   138   139   140   141