Page 133 - ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ. 5-СЫНЫП. АТАМҰРА. СҮГІРБЕКОВА А.І.
P. 133
5 – Ұшқыш… Әскери ұшқыш боламын. Балалар
үйінен түлеген ұшқыш ағалар баршылық.
Манап мырс етті. Аға деген сөз көп күттіріп
барып, аузынан ақыр соңында шықты-ау. Өз
ойымен өзі әуре Қали оны елемеді.
– Әнеугүні соның бірі келіп кетті. Клубта
кездесу өткіздік, Сидоров Александр Павло-
вич. Ордені бар. Полковник.
6 Бұл кезде өзін-өзі қамшылап үлгерген Ма-
нап та қорғасын аяғын әрең алып, қарсы
жүрген. Бой жағынан қарайлас бозбала төніп
қалғанда:
– Бар екенсің, бауырым! – деп, алға созған
екі қолын айқара ашып, ыстық құшаққа
айналдыра беріп еді, Қали:
– Здравствуйте, дяденька! Как живете? –
демесі бар ма! Созған қолы сынғандай сылқ
түсті...
: Мәтінді тыңдаңдар. берілген уақыт ішінде тапсыр-
маларды орындауларыңды өтінемін.
1-мәтін. Уақыт мөлшері: 7 минут.
1) Манаптың ішкі көңіл күйін өз ойларыңмен ортаға салыңдар.
2) балалар үйінде тәрбиеленген қалидың тәрбиесі мен мінез-
құлқы туралы көзқарастарың қандай?
: 2-мәтін. Уақыт мөлшері: 9 минут.
қалидың образына портрет жазыңдар.
: 7-тапсырма. Кестені дәптерлеріңе толтырыңдар.
Кес тедегі тапсырмаға байланысты Қалиға мінез-
деме беріңдер.
122