Page 138 - ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ. 5-СЫНЫП. АТАМҰРА. СҮГІРБЕКОВА А.І.
P. 138

Анасын сағынған бала
                                            (Әңгімеден үзінді)

































                                                      1
                    Есмағамбеттің бұл сапары – ауылына төрт жылдан кейін ора­
                луы еді. Содан болар таңертеңгі пойыздан түскен бойдағы қарсы
                алушы туыстары, достарымен болған ұшырасудың өзі кәдімгідей
                у-дулы болды. Біреулері құшақтап, біреулері сүйіп, тағы біреу лері
                осы бір алас-қапаста-ақ мұңын, шаруасын айтып қалып жатты.
                      ...Ұзаққа  созылған  абыр-дабырдан  кейін  жалғыз  қалып,
                әртүрлі жеміс ағаштары мен көгөністер өскен аулада әрлі-берлі
                жүру де ол үшін айтарлықтай бір демалыс еді.
                                                      2

                    Күн  тал  түс  болып  қалған  екен.  Ағаштардың  әрқайсысына
                тоқтап қарап, сосын жоңышқалықты аралап келіп, күннің қызуы
                қуырып бара жатқандықтан, жүзімнің көлеңкесіне кіре бергені
                сол еді.
                                     – Мама-аа... мама-аа...
                                     Сенсің ғой ең дана-аа...
                                     Мәңгі дос сен ғана-аа... –
                деп  әндеткен  сүйкімді  бала  дауысын  естіді.  Бірақ  Есмағамбет
                олай бір, былай бір бұрылып, маңайынан бала көрмеді. Сөйтсе
                                                  126
   133   134   135   136   137   138   139   140   141   142   143