Page 141 - ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ. 5-СЫНЫП. АТАМҰРА. СҮГІРБЕКОВА А.І.
P. 141

Енді Есмағамбеттің өзі іштей қатты састы. Сасқан себебі, ба­
        ланың сезіміне осыншалық әсер етіп, ендігі жерде оны Алматыға
        алып кете алмаса – ұмытылмас күнә болардай еді. Бірақ «Алып
        кетем, несі бар... алып-ақ кетемін, мамасына табыстаймын. Тіпті
        біздің үйде де жүре береді. Онда қандай қиындық бар?» деп өзін-
        өзі жұбатып барып, көңілі тынғандай болды.
            Ол Сержанды кеудесіне тарта құшақтап тұрып:
            –  Мамаң келді ме? – деді сәлден соң.
            –  Келді.
            –  Қашан?
            –  Анау жазда.
            «Жаз енді болды емес пе?» – деп Есмағамбеттің түзету енгізгісі
        келіп тұрды да, тағы да үндемеді. Шамасы, Сержан үшін көктем
        де жаз, жаз да жаз секілді.
            – Мамам мынадай күн болды, – деп екі саусағын шошайта
        беріп, енді әңгімені өзі жалғастырды. – Мына күні пойызға мін­
        ді, – деп сосын үшінші саусағын шығарды.
            –  Мамаң не деді?
            –  Мамам ба? Мамам-м... – Баланың көздері күлімдеп, бұған
        еркелегендей оңды-солды қисалаңдап тұрды да: – Ештеңе деген
        жоқ, – деді қуланып.
            –  Сонда саған ештеңе айтқан жоқ па?
            –  Мамам ба? Мамам-м, жоқ, айтпады. – Бала көздері күлімде­
        ген қалпы енді Есмағамбетті құшақтап жатып сықылықтап күлді.
        – Мамам ба, мамам-м не дегенін ұмытып қалдым, – деп өзгеше
        қылық тауып, мұның мұртына бетін басты.
            –  Тікен  сияқты-ы,  –  деді  бала...  сықылықтап  күліп  және
        сөйтіп тұрып-ақ Есмағамбеттің тікірейген қап-қара мұртына екі
        бетін кезек-кезек басумен болды.
            Сосын  бала  өз-өзінен  күлкісін  тыйып,  Есмағамбеттің  көй­
        легінің түймелерін шұқылап отырып:
            – Мамам кетерінде бетімнен сүйді, – деді ақырын ғана бұған
        өзгелерден ұрлап айтқандай болып.


                                              5


            Енді ол әңгімені мүлдем басқа жаққа тезірек бұрып жіберуге
        асығып: «Алтыаяқ атаңды білесің бе?», «Аязбай атаңды білесің
        бе?», «Кертұмсық атаңды білесің бе?» деп жақын туыстар жа-
        йын сұрап кетіп еді, бала бәрін де көріп жүрген, білетін болып


                                                  129
   136   137   138   139   140   141   142   143   144   145   146