Page 146 - ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ. 5-СЫНЫП. АТАМҰРА. СҮГІРБЕКОВА А.І.
P. 146

беттің  құлықсыздығын  аңдаған  соң-ақ  бала  да  көп  аялдамай,
        бұлаң етіп теріс айналып кетті.
            ...Қолжуғыш маңына енді бара бергенде, тағы да Есмағамбет­
        тің жанына Сержан үйіріле кеткені.
            –  Сен бұл жолы мені Алматыға алып кетпей-ақ қой, – деді
        бала  мұндайда  құшақтай  кетіп  немесе  қолынан  ұстай  қоятын
        әдетін де жасамай, томсырайып тұрып.
            –  Неге? А-аа? – деп қолын жуып жатқан Есмағамбет балаға
        берген уәдесі енді есіне түскендей сасқалақтап қалған.
            –  Кейін барасың ба? Тағы бір келгенімде...
            Бала жауап берген жоқ. Ол тіпті мұның жүзіне де тура қара­
        май, көздерін әлдеқайда алып-қашып тұрды.


                     диалог – әдеби шығармада екі кейіпкердің не­
                 месе бірнеше адамның сөйлесуі.






                 : 3-тапсырма.


                 1.  Әңгіменің  бөлімдеріне  ат  қойып,  баяндалатын  оқиға
        туралы өз пікірлеріңді білдіріңдер.

            2.  Шығарма  кейіпкерлері  туралы  дәптерлеріңе  мінездеме
        жазыңдар. Мінездемені әңгімеден үзінді келтіре отырып, дәлел­
        деңдер.


             Кейіпкер           Мінездеме               әңгімеден үзінді


         Есмағамбет


         Сержан





                     4-тапсырма. Берілген үзінділерде кейіпкердің қандай
                     көңіл күйі білінеді? (Қобалжу мен қуануы, баланың
                     сағынышы,  ішкі  сырын  ақтаруы,  бар  ықыласымен
        қызмет етуі және жақсы көруі).



                                                  135
   141   142   143   144   145   146   147   148   149   150   151