Page 150 - ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ. 5-СЫНЫП. АТАМҰРА. СҮГІРБЕКОВА А.І.
P. 150
: – Балалар, отбасы, туыстық қарым-қатынас тақырыбын
жалғастыра отырып, белгілі балалар жазушысы Нұрдәу
лет Ақыштың «нағыз әже қайда?» деген әңгімесімен
танысамыз.
: – Иә, Айсұлтан, «әже» деген сөз құлаққа жылы естіледі.
Менің де әжем бар. Ол кісі үйдің үлкені. Менің әкем мен
анам әжемді қатты сыйлайды. Әжем өте мейірімді, ақыл
ды жан. Сондықтан бүгінгі әңгіменің тақырыбы маған өте
ұнап тұр.
: – Балалар, жазушы не себепті әңгімені «Нағыз әже
қайда?» деп атаған? Осыған мән бере отырып, әңгімені
толық оқып шығыңдар.
нҰРдәУЛет АқЫШ
(1950 жылы туған)
Жазушы 1950 жылы 15 мамырда Шығыс
Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы Маңырақ
ауылында дүниеге келген. Қазіргі Абай атын
дағы университеттің Филология факультетін
1973 бітірген. Республикалық «Мектеп», «Жа
лын», «Балауса» баспаларында, «Қазақ әдеби
еті», «Жұлдыз», «Қазақстан мұғалімі», «Ха
лық кеңесі», «Заң газеті», «Дат» газет-журнал
редакцияларында, Ы. Алтынсарин атындағы
Қазақ білім академиясында қызмет атқарған.
Көптеген балаларға арналған шығармалардың авторы. Жа
зушының «Әбдіреден шыққан қылыш», «Киелі көлдің қарақшы
лары», «Бейуақта жанған от», «Жұмбақ іздер», «Үндемейтін
ұл», «Қиырдан келген көгершін», «Таң алдындағы дабыл», «Ұры
қыздың тағдыры» және тағы да басқа шығармалары жарық көр
ген.
: – Нұрдәулет Ақыштың өмірі мен шығармашылығына
байланысты деректерді толықтырыңдар. Жазушының ба
лаларға арналған тағы да қандай шығармалары бар?
138