Page 153 - ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ. 5-СЫНЫП. АТАМҰРА. СҮГІРБЕКОВА А.І.
P. 153

Бұл екеуі – тек әженің ғана емес, жалпы қарт адамның ме-
                йірім-шапағатын сезінбей, балабақшаның бағымында, папасы мен
                мамасының қасында өсіп келе жатқан балалар.

                                                      2

                    Осы  күннен  бастап  кішкентайлар:  «Бізге  енді  «әже»  деген
                кісіні көрсет», – деп қыңқылдауды шығарды. Қылбұрауды мо-
                йынға  салып,  алды-артқа  қаратпай,  алдына  салып  дедектетіп
                айдап әкететін күйкі тірліктен сәл азаттық ала қалсам, алдымен
                көлденеңдей беретін сәбилердің осы бір жазықсыз тілегі болды.
                Жан-жағымызды байқап көрсек, біз араласып жүрген таныстар­
                дың арасында кемпірі бар ешкім жоқ екен. Бір жолдасымыздың
                шешесі зейнет жасына жетпепті, былайша айтқанда «әже» ата­
                нуына әлі ертерек. Тағы бір таныстың үйіндегі қария ауру-сырқау-
                лы болған соң, «әже» осы деп дабырайтып айтуға олқысындым.
                Мақсатым – қыздарыма өз әжем сияқты нағыз қазақи кейіптегі
                кейуананы көрсету еді. Ондағы ойым – әже деген жарықтықтың
                анау-мынау  қарапайым  адам  емес,  былайғы  жұрттан  өзгеше,
                ардақты да қасиетті жан екенін сәбилер шын көңілмен сезінсін,
                оларды не үшін құрметтеу керегін түсіне білсін деген ниет.
                    Бір-екі рет басына жаулық салған, мәсілі қариялар көшеде де
                ұшырасты. «Әже деген, міне, осындай болады», – деп, жол-жөне­
                кей асығыс көрсеткеніме, екі қыздың көңілі көнши қойған жоқ.
                Олардың ұғымындағы әже бейнесі, менің сипаттауым бойынша,
                әлдеқайда  биігірек  болатын.  «Әже  –  сендер  сияқты  балалар­
                дың папалары мен мамаларын өсірген кісі, – дейтінмін өзімнің
                олақтау  тіліммен.  –  Өзі  мейірімді  де  ақылды  адам.  Ешкімге
                ешқашан ұрыспайды, ұрса қалса, орнымен, теріс қылығыңа өзің
                ұялатындай етіп ұрсады. Үні де, қолы да, көзқарасы да жұмсақ,
                жұрттың бәрімен: «Қарағым, айналайын», – деп жылы сөйлесетін
                иманжүзді қария. Өзі ылғи шаруа істеп, күйбеңдейді де жүреді.
                Тіпті, ештеңе істемеген күннің өзінде ұршық иіріп отырады...»
                «Ұршық деген немене?» – дейді Ая сөзімді бөліп. Менің әңгімемде
                сәбилер түсіне бермейтін жайлар көп. Мен сонда да сөзімді әрі
                қарай жалғастыра түсіп, әжейдің үстіне қамзол, басына кимешек,
                шылауыш киетінін айттым. Баланың ойын дағдартқан кезекті
                сұрақ тағы туады. Қысқасы, не керек, менің суреттеуімдегі «әже»
                деген – жер-көкте жоқ бір керемет адам. Аузын ашып тыңдаған
                екі кішкентай, әже туралы бар білгенімді сұрақпен суыртпақтай
                отырып, сарқа тыңдайды. «Шіркін, бізде де бір әже болса ғой», –

                                                  140
   148   149   150   151   152   153   154   155   156   157   158