Page 157 - ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ. 5-СЫНЫП. АТАМҰРА. СҮГІРБЕКОВА А.І.
P. 157

эстрада туралы айтқанын естідің бе өзі. Соның кейбірін қалада
                тұрған мен білмеймін. Өзі сендерге қандай ертегі айтты, ә, Аятай?
                    Әпкесі үшін жауап берген тағы да Райхан:
                    – Жоқ, айтпады. Ол кісі ертегі білмейді екен.
                    –  «Білмейді»  дейді?  Қой,  білмегені  қалай?  –  деп  Балқыз
                сұраулы көзін маған қадай берген еді, қарап тұрмай Райхан тағы
                киіп кетті:
                    – Папа, айтшы. Ол өзі әже емес қой деймін, ә?
                    – «Әже емесің» не қызым-ау. Енді кім екен, ә? Қой, олай деп
                айтпа, ұят болады.
                    – Жоқ, папа. Ол – әже емес. Ол – жай ғана бабушка. Өйткені
                бәрі «бабушка» деді ғой. Мен білем, әже деген ондай болмайды.
                Өзің айтқансың.
                    Трамвайдан түсіп, үйге келе жатқанда кенеттен Аяның:
                    – Папа, шынында да ол әже емес шығар? – дегені, әлденеден
                көңілі қалған адамдай, басыңқы жуас дауыспен. – Айтшы, папа.
                Ол шын әже емес қой, ә?
                    Мен «әже» деген жанның жасы келген үлкен кісі екенін айтып,
                бірдемені әлсіздеу түсіндірген болып едім, онша нанымды шыққан
                жоқ. Жауабыма Аяның қанағаттанбай қалғаны анық еді.
                    – Папа, сен бізге бәрібір нағыз әжені көрсетесің ғой. Айтшы,
                көрсетесің бе? – деді сосын ол жаңағыдан гөрі жадыраңқырап.
                Аялы жанарларында тұтанған үміт ұшқынын жасырмай, сәбилік
                сеніммен бетіме тура қарайды.
                    Мен уәде еттім. Бірақ оны қалай орындайтыным туралы сол
                сәтте ойланған жоқ едім.


                          Шылауыш – кимешек үстінен байланатын, үлкен ақ
                          шаршы орамал; жаулық.


                         Көркемдік әдіске байланысты образдың екі түрі болады.
                         Олар: реалистік образ, романтикалық образ. Романти-
                         калық образ – өмірдегі болған немесе бар деректен гөрі
                         өмірде әзірше жоқ, бірақ болатын дерекке негізделеді.
                         Қазақ әдебиетіндегі романтикалық образдың ежелгі түрі
                         ертегілер мен аңыздарда, батырлық жырларда кездеседі.
                         Реалистік образ – атынан белгілі, шындыққа негіздел­
                         ген  кейіпкерлер.  Олар  арқылы  шығармадан  өмірдің
                         ащы-тұщысын, өмірдің шындығын көре аламыз.


                                                  144
   152   153   154   155   156   157   158   159   160   161   162