Page 159 - ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ. 5-СЫНЫП. АТАМҰРА. СҮГІРБЕКОВА А.І.
P. 159
4-тапсырма. Мәтіннен түсіп қалған сөздерді орнына
қойыңдар. (әжем, ұршық, құрметтеу, аппақ кимешегі,
мақаммен, кейуананы, ардақты, ірімшік, қасиетті).
Мәтіннен үзінді
Мақсатым – қыздарыма өз.... сияқты нағыз қазақи
кейіптегі........... көрсету еді. Ондағы ойым – әже деген жа
рықтықтың анау-мынау қарапайым адам емес, былайғы
жұрттан өзгеше,.......... да............ жан екенін сәбилер шын
көңілмен сезінсін, оларды не үшін........ керегін түсіне білсін
деген ниет.
Сол түні өз ............ түсіме кіріпті. Осыдан отыз жыл
бұрынғы қалпы, басында................ бар екен деймін.
Ескі............. ыңылдап ән айтып,..........иіріп отыр. Мен бол
сам әжемнің бүйіріне басымды тығып, еш алаңсыз.......... жеп
жатыр екенмін.
5-тапсырма. Ая мен Райханның түсінігі бойынша нағыз
әже қандай болуы керек? Не себепті олар әжені көруді
армандады? Берілген үш эпизодты салыстырып, өз ой
ларыңдағы әженің портретін құрастырыңдар.
«Өзі мейірімді де ақылды адам. Ешкімге ешқашан
ұрыспайды, ұрса қалса, орнымен, теріс қылығыңа өзің
ұялатындай етіп ұрсады. Үні де, қолы да, көзқарасы да
жұмсақ, жұрттың бәрімен: «Қарағым, айналайын», – деп
жылы сөйлесетін иманжүзді қария. Өзі ылғи шаруа істеп,
күйбеңдейді де жүреді. Тіпті, ештеңе істемеген күннің
өзінде ұршық иіріп отырады...». «Ұршық деген немене?» –
дейді Ая сөзімді бөліп. Менің әңгімемде сәбилер түсіне
бермейтін жайлар көп. Мен сонда да сөзімді әрі қарай
жалғастыра түсіп, әжейдің үстіне қамзол, басына киме
шек, шылауыш киетінін айттым.
146