Page 163 - ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ. 5-СЫНЫП. АТАМҰРА. СҮГІРБЕКОВА А.І.
P. 163

дЖеК Лондон
                                       (1876–1916)


            Джек  Лондон  (Джон  Гриффит)  1876
        жылы  Америка  Құрама  Штаттарының
        Сан-Франциско қаласында дүниеге келген.
        Жастайынан өгей әкесінің қолында тәрби­
        еленіп, зауыт, фабрика және электр стан-
        циялары  сияқты  жерлерде  әртүрлі  жұ-
        мыстар істеген.
            17  жасынан  бастап  Джектің  әдеби
        шығармалар жазуға қызығушылығы оя­
        нып, өзін шығармашылық әлемге бұрады.
        «Жапон жағалауындағы Тайфун» атты тұңғыш очеркі 1893 жылы
        «Сан-Франциско дауысы» атты газетте жарық көреді. Осыдан ке-
        йін оның әңгімелері мен повестері, романдары жазылып, жарыққа
        шыға бастады.  Джек Лондонның  «Қасқырдың баласы» (1900),
        «Оның  әкесінің  Құдайы»  (1902),  «Аяздың  балалары»  (1902),
        «Қар қызы» (1903) романы, «Ақ азу» повесі (1906), «Темір өкше»
        (1912), «Айлы алқап» (1913), «Үлкен үйдің қожасы» (1913), т.б.
        шығармалары бар.
            1926  жылы  қазақтың  аса  көрнекті  психолог  жазушысы
        Жүсіпбек Аймауытов Джек Лондонның «Телегей теңіз, аттаныс»
        шығармасын алғашқылардың бірі болып аударып, «Жаңа мек­
        теп»  журналының  4–5-сандарына  жариялаған.  Оның  көптеген
        туындылары қазақ тіліне аударылған. Солардың бірі – «Мексика
        ұлы» атты әңгімесі.
            Америкалық белгілі жазушы 1916 жылы Сан-Франциско қа­
        ласы маңындағы Глен-Эллен мекенінде дүниеден өтті.


                                       Мексика ұлы


            Ривера рингке елеусіз көтерілді. Әр тұстан шашыраңқы сараң
        ғана соғылған алақандар көрермен қауымның оған деген сенім­
        сіздігін айқын сездіргендей. Шындығында бұл қауым үшін Ривера
        бөрі аузына тасталған жетім лақпен пара-пар еді. Өйткені оның
        қазіргі қарсыласы атышулы азулы боксер Дэнни болатын.
            Жас мексикандық өз бұрышына жайғасып, қарсыласын күтті.
        Әр минут жылдай созылып, баяу жылжиды. Дэнни өзін ұзақ күту­


                                                  149
   158   159   160   161   162   163   164   165   166   167   168