Page 166 - ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ. 5-СЫНЫП. АТАМҰРА. СҮГІРБЕКОВА А.І.
P. 166

бір ыстық лебіз білдіріп жатқан шығар деп жорыған көрермендер
        тағы да дабырласып, өздерінше дән риза болысып жатыр. Дэн­
        нидің сабырын тек Ривера ғана айқын есітті.
            – Әй, Мексика жігіті, – деді ол езуіне мысқыл күлкі үйірген
        қалпы, ысылдай сыбырлап, – қазір сенің кеудеңнен жаныңды
        суырып аламын!
            Ал Дэнни шешінген кезде әлгілер «паһ» деп таңдана таңдай
        қақты  да  қалды.  Шынында  да  оның  серіппедей  бұлтылдаған
        шақпақ еттерінен дүлей күштің лебі есіп тұр еді. Аппақ терісі
        жып-жылтыр, ширақтық пен серпінділік, күш-қайрат тұла бойы­
        на сыймай тұрғандай. Иә, ол мұны талай айқаста айқын көрсетті
        де. Оның суретімен бетін шұбарламаған бірде-бір спорт журналы
        жоқ.
            Спайдер  Хонерти  Ривераның  тоқыма  көйлегін  басынан  сы­
        пырған кезде, зал іші күңіреніп кеткендей болды. Қара торы өңі
        оны барынша арық та әлжуаз етіп көрсетті. Рас, бұлшық еттері
        бар болатын, бірақ қарсыласымен салыстыруға келмейтін. Алайда
        алабұртқан көпшілік оның апайтөс кең кеудесін байқай алмай
        қалды. Сол сияқты олар Ривераның бұлшық еттерінің әрбір клет­
        касының кез келген соққыға дайын тұратынын, шаршап-шал­
        дығуды  білмейтін  төзімділігін  де,  берік  жүйкесі  оның  денесін
        қуатты механизмге айналдырып жібергенін де аңғара алмаған.
        Көпшілік тек қара торы өңді, он сегіз жастағы талдырмаш боз-
        баланы ғана көрді. Дэннидің жөні бір басқа! Дэнни – жиырма
        төрт жастағы нағыз ер мүсінді жігіт. Бұл айырмашылық, әсіре­
        се,  екеуі  төрешінің  соңғы  кеңесін  тыңдап,  қатар  тұрған  кезде
        алабөтен көзге түсті. Ривера осы жерде тілшілердің ту сыртында
        отырған Робертті көрді. Ол әдеттегіден гөрі масаңдау екен, тілі
        бұрынғыдан бетер күрмеле түсіпті.
            – Жасқанба, Ривера, – деді ол міңгірлеп, – есіңде болсын, ол
        сені өлтірмейді.
            Ривера оның сөзін есіткен сыңай байқатпады.
            –  Қарашы, мына томаға-тұйық сайтанды! – деді Роберт көр­
        шісіне бұрыла міңгірлеп. – Сол баяғы қырсықтығынан жазбайды.
            Гонг қағылды да, айқас басталып кетті. Көрермендер бір сер­
        піліп,  алға  ентелей  қалысты.  Шыдамсыздана  шиыршық  атып
        тұрған Дэнни екі аралықты бір-ақ аттап, Мексика баласын екі
        шайнап,  бір  жұту  мақсатымен  дүрсе  қоя  берді.  Ол  «ә»  деген-
        нен-ақ Ривераға жұдырықты жаңбырдай жаудырып кеп жіберді.
            Тәжірибелі де шебер боксшының тұс-тұсынан төпелеген соққы­
        лары Ривераны жел айдаған қаңбақтай дөңгелетіп әкеп, керме


                                                  151
   161   162   163   164   165   166   167   168   169   170   171