Page 170 - ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ. 5-СЫНЫП. АТАМҰРА. СҮГІРБЕКОВА А.І.
P. 170

Күтпеген қарсылыққа кездескен Дэнни ақырғы бір жойқын
        соққыға үміт артты. Ашынды, жалтарды, бар күшін жиып, төпе­
        лей соққылап, тізгінді өз қолына алуға барын салды.
            Білегінен әл кетпей тұрғанда Дэнниден оны да күтуге болатын
        еді.
            Раундтар  арасындағы  үзілістерде  Ривераның  секундантта­
        рының қамқорлығы да шамалы болды. Оның ентіккен кеудесін
        желпуге де селқос, самарқау қимылдады. Он төртінші раундта
        ол  Дэнниді  тағы  да  ұрып  құлатып,  төреші  секундтарды  санап
        жатқанда ауыр қолдарын салбырата төмен түсіріп, сәл болса да
        тыныстап  алуға  тырысты.  Қарсы  бұрыштан  күдікті  сыбыр  да
        құлағына шалынды. Оның дыбыс түйсігі аса сезімтал еді. Әңгіме
        үздік-создық естілді. Сыбыр шыққан бұрышқа жақындады.
            –  Солай болары сөзсіз. – Ол Майкл Келлидің дауысын естіді.
        Роберт мақұлдай бас изеді. – Дэннидің жеңуі тиіс... Мен көп ақша
        ұтқызамын.... бала сені тыңдайды. Бір амалын жасау керек...
            Осы сәттен кейін Ривераны еш нәрсе алаңдатпады. Дэнниді
        тағы ұрып құлатты. Буындарын босатып ентіге дем алып тұр.
        Роберт орнынан тұрды.
            –  Бітті, – деді ол. – Өзіңнің бұрышыңа тарт. – Ол жаттығу
        кезіндегідей бұйыра сөйледі. Ривера оған ызаға толы жанарымен
        жалт қарады да, еш нәрсе естімеген адамдай Дэннидің көтерілуін
        күтіп  тұра  берді.  Келесі  үзілісте  Келли  Ривераның  бұрышына
        келді.
            –  Шайтан алғыр, мына қалжыңыңды доғар! Жеңіл, Ривера,
        болашағың үшін мені тыңда! Сені байлыққа кенелтемін... келесі
        жолы Дэнниді жеңуіңе мүмкіншілік жасаймын. Бүгін сен жеңілу­
        ге тиістісің!
            Ривера көзқарасымен оны естігенін танытты, бірақ келісімге
        де, қарсылыққа да белгі бермеді.
            – Неге үндемейсің? – деп ызғарлана сұрады Келли.
            – Бәрібір ұтыласың, – деп отқа май құйды Спайдер Хонерти. –
        Төреші  жеңісті  саған  бермейді.  Одан  да  Келлидің  ақылын  ал,
        құла да тұрма!
            Шың еткен гонг дауысы Ривераның ашуын онан сайын қозды­
        рып жіберді. Жұрт еш нәрсені байыптар емес. Өзі де бір қауіпті
        сезгендей, бірақ оның қайдан келгенін білмеді. Дэнниге баяғы
        кеудемсоқтығы қайта оралғандай.
            Ол дауыстап балағаттап алды да, Ривераға ұмтылды. Ривера
        шегіншектей берді. Рұқсат етілмеген әдіспен ұрдың деп жала жа­



                                                  155
   165   166   167   168   169   170   171   172   173   174   175