Page 167 - ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ. 5-СЫНЫП. АТАМҰРА. СҮГІРБЕКОВА А.І.
P. 167

арқанға  жапсырды.  Төреші  боксшыларды  ажыратып  жіберді.
                Сөйткенше болмай мексикалық тағы да арқанға соғылды. Мұны
                боксшылар айқасына ұқсату да қиын еді. Күші басым ағаның
                әлжуаз ініні бөріктіріп сабағанымен пара-пар болды. Дэннидің
                құтырына,  екілене  жаудырған  жұдырығының  астынан  Ривера
                көпшілікке әрең-әрең қылаң берді. Бір минут, екі минут өтті.
                Боксшылар бір сәт ажырасқан кезде ғана көрермендер көзі мек­
                сикалыққа түсті. Оның ернін былғары қолғап жырып кетіпті.
                Мұрнынан қан дірдектеп тұр. Алайда оның салқынқандылығын,
                суық көзқарасының баяғы бәз қалпында қалғанын ешкім байқай
                алмады. Ол чемпиондыққа таласқан талай мықтының жұдырығы­
                на  жанды  нысана  болған-ды.  Сондағы  табатын  табысы  жарты
                доллар еді. Дегенмен, сол жұдырықтар мұны асқан төзімділікке
                баулып, құрыштай шыңдапты да.
                    Осыдан кейін ешкім күтпеген керемет оқиға болды. Жұды­
                рықтар дауылы күрт тынды да, Ривера рингте жалғыз қалды.
                Дэнни, қаһарлы да даңқты Дэнни шалқасынан түсіпті. Ол теңселіп
                барып немесе тізерлей барып, жайлап жантая құламады, мұрттай
                ұшты. Оны Ривераның серпе ұрған сол қолы баудай түсірген екен.
                    Дэнни сәл есі кірген кезде барып қимылдады. Бокс жанкү-
                йерлерінің  мұндай  нокаут  кезінде  құлатушыны  қолпаштап
                дуылдасатыны бар ғой. Бұл жолы бәрі тілдерін жұтып қойғандай
                тым-тырыс. Олар істің бұлайша насырға шабатынын күтпеген еді.
                Зал секунд санаған төрешінің үнін іштен тына тыңдап отыр. Осы
                кезде масаттана сөйлеген Роберттің дауысы естілді.
                    –  Ол екі қолымен бірдей ұра алады дегенім осы ғой сендерге.
                    Бесінші секундта Дэнни етпетінен аударылып түсті. Ал төреші
                жетіге дейін санағанда бір тізерлеп дем алып, «тоғыз» дегенде
                атып тұруға дайын тұрды. Егер төреші «он» деген кезде тізесі
                еденге тиіп тұрса, оны жеңілді деп санау керек. Мұндайда тізесі
                еденнен көтеріле бергенде-ақ, оны тік тұрды деп санап, Ривера­
                ның тағы да ұрып жығуға еркі бар. Ривера асығыстық жасағысы
                келмеді. Ол тек Дэнни тізесін еденнен көтере бергенде ғана ұруға
                дайындалды. Ривера қарсыласын айналып өте бергенде төреші
                екеуінің арасына киілге кетті. Ривера оның әр секундты барын­
                ша жай санап тұрғанын біліп тұр. Барлығы, тіпті мына төрешіге
                дейін қарсы бұған.
                    –  Мексикалықтың соққысы неткен күшті еді? – деп сыбыр-
                лады жаттықтырушыға Дэнни. Секунданты қара борша болып
                жанталаса терін сүртіп, желпіп жатты.

                                                  152
   162   163   164   165   166   167   168   169   170   171   172