Page 165 - ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ. 5-СЫНЫП. АТАМҰРА. СҮГІРБЕКОВА А.І.
P. 165

ге мәжбүр етті. Тісқаққан жырындының бұл қағидасы темірқанат
                боксшының талайының-ақ сабырын сарқып, көңіліне қорқыныш
                ұялататын, жүйкесіне тиетін.
                    Ривера өзінің бұл айқаста қалай да жеңуі керек екенін бір
                сәт  естен  шығарған  жоқ.  Оны  осы  айқасқа  итермелеген  ұлы
                күштің  сыры  зал  толы  көрермендердің  бірінің  ойына  да  кіріп
                шықпайды. Дэнни Уорд ақша үшін, сол ақшаға негізделген жеңіл
                өмір  үшін  айқасып  келеді.  Ал  Ривера  өзінің  не  үшін,  кімдер
                үшін екенін терең түсінеді. Оның көз алдына бір сәт туған елінің
                аянышты  тұрмысы,  жанары  ыза-кекке  толы  бейнесі  ап-айқын
                елестеп өтті.
                    Қым-қиғаш  көріністер.  Компания  ләпкесі  алдындағы  алаң,
                сол алаңда иін тірескен мыңдаған аш жұмысшылар, солардың
                төбесінде қамшы ысқыртып, қылыш ойнатқан генерал Росальо
                Мартинес пен Порфирио Диастың солдаттары, қанды қырғын...
                Осы бір көріністер өмір бақи таусылмастай, жазықсыз төгілген
                адам қаны мәңгі тыйылмастай көрінеді... қаралы түн, қапас түн!
                Сол  түн  құшағында  тағдыры  үшін  тартысқан  жандар  мүрдесі
                Веракруске жөнелтіліп, акулаларға жем болып жатыр. Өліктер
                арасымен ілгері еңбектеген ол жендеттер айуандықпен азаптап
                өлтірген ата-анасының парша-парша мәйіттерін ғана тапты. Әсіре­
                се кеудесін баса тау болып үйілген өліктер астынан басы ғана
                көрініп жатқан ана бейнесі санасын семсердей тілгілейді. Тағы...
                тағы да солдаттар винтовкасы ажал оғын қардай боратты. Сол оқ
                астымен аш күзендей бүгіле еңбектеп қашқан жетім ұлан жүрегі
                уланған қасқырдай аласұрады.
                    Дауыл  толқытқан  теңіз  шуындай  ду  соғылған  шапалақтар
                үнінен  селт  етіп,  басын  көтерген  Ривера  айналасында  құрдай
                жорғалаған жаттықтырушылар мен секунданттарын ертіп, орта­
                лық алаңмен келе жатқан Дэнни Уордты көрді. Оны қолпаштап
                соғылған алақандар дауылы бес минут бойы дүрілдеп тұрды. Ал
                Ривераға ешкім назар да салмапты. Тіпті ешкім оның осы жерде
                бар-жоғын білмейтін, білгісі де келмейтін тәрізді. Зал тағы да ду
                қол соқты. Дэнни қарсыласына қарай беттеген еді. Ол еңкейіп,
                Ривераның оң қолын екі қолымен алып, зілдене, жай сілкіді. Со­
                дан соң бетін Ривераның бетіне тақай күлімсіреді. Оның осы бір
                қалпы көрермендерді таңғалдырып, таңдайларын қақтырды. Ол
                дәл қазір қарсыласымен емес, туған інісімен кездесіп тұрғандай
                еді. Көпшілік солай ұғынды. Дэннидің қимылдаған еріндерінен
                оның сөйлеп тұрғанын байқап, не деп тұрғанын есітпесе де, әйтеуір


                                                  150
   160   161   162   163   164   165   166   167   168   169   170