Page 168 - ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ. 5-СЫНЫП. АТАМҰРА. СҮГІРБЕКОВА А.І.
P. 168

Екінші,  үшінші  раундтарда  көзге  ұратын  сәттер  болмады.
        Айлакер, тәжірибелі ринг королі Дэнни әртүрлі айла-шарғымен
        уақыт оздырып, бірінші раундтағы қатты соққыдан есін әбден
        жиып алғысы келіп жүр. Бойына біткен айрықша қайрат пен
        мінезіндегі қажыр ғана төртінші раундта оны өзіне-өзін келтір­
        гендей болды. Айла-шарғыны да ұмытты. Қарсыласының тыр­
        тысуын қарашы!
            Дэнни жинақтаған тәжірибесіне жүгінді. Өзіне әлгідей қатты
        соққы дарытпас үшін бәсекелесін әбден шаршату тәсіліне көшті.
        Ривераның бір соққысына үш соққымен жауап беріп жүр. Бірақ
        бұл нокаутқа түсіруден гөрі кек алуға ұқсайтын еді. Қауіп талма
        тұстан тиетін жұдырықтың дәлдігі мен салмағында ғой. Екі қолы­
        мен де қапталдан қысқа соққымен сілейте алатын мына баладан
        Дэнни шынымен абайлау керектігін енді түсінгендей.
            Қорғаныста Ривера шабуылды сол қолымен қағу әдісін қол­
        дануда. Қайта-қайта өз нәтижесін берген осы әдіс Дэннидің басы
        үшін аса қауіпті еді. Бірақ Дэнни талай көксоқтаны көрген са­
        рабдал боксшы ғой. Сондықтан да жұрт оны алдын ала чемпионға
        балап  та  қойған.  Ол  ұрыс  әдісін  де  ойламаған  жерден  өзгерте
        алатын.
            Жетінші  раундта  Дэнни  де  қатты  соқты.  Ривера  теңселіп
        барып, сәл құламай қалды. Есін жиғызбай Дэнни қайта ұрды.
        Ривера  кермеден  асып  барып,  репортерлердің  ортасына  түсті.
        Олар рингке қайта итермеледі. Ривера бір тізерлей отырып ауыр
        дем алуда... Керменің ар жағында бәсекелесі күтіп тұр. Төреші
        ара түсуді де немесе Дэнниді тежеуді де ойлаған жоқ. Елеуреген
        жұртта ес қалмады.
            Біреу өңешін жырта айғайлады.
            –   Саудасын бітір, Дэнни!
            Жүздеген дауыс ұлардай шулап, қостап кетті. Дэнни қолы­
        нан келгенін істеуге дайын тұр, бірақ төреші тоғыз емес, сегіз
        санағанда Ривера кенет кермеден аса секіріп барып, бәсекелесін
        құшақтай алды.
            Ривера буынын бекем ұстады, басының буалдырланғаны да
        сейілгендей. Солай болуға тиіс қой! Мыналардың бәрі арамзалар
        емес пе? Тағы да көз алдына манағы суреттер елес беріп өтті.
        Шөлге тартылған теміржол, жандармдар мен америкалық кәсіп­
        керлер,  түрмелер  мен  полиция  қапастары,  құдық  жанындағы
        қаңғыбастар... мұның өзі винтовка емес пе?
            Өзі – революция! Ол өзінің Мексикасы үшін соғысады!



                                                  153
   163   164   165   166   167   168   169   170   171   172   173