Page 171 - ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ. 5-СЫНЫП. АТАМҰРА. СҮГІРБЕКОВА А.І.
P. 171
былмас үшін кеудеден төмен көздемеуге бел буды. Бұл жеңіске
жетер жарты мүмкіншілікті жоғалту болса да, оның алыстан
соғып қана таза жеңіске жететініне көзі жетті.
Ривера соққы үстіне соққы алды. Жұдырық жаңбырша жауды,
мейлі, тек кеуде түйістіріп жақын жібермесе болғаны. Дэннидің
осы тегеуріні кезінде жұрт түгел аяғынан тік тұрды. Бәрінің
көздері қарауытып, естері ауған. Ешкім ештеңе түсінбейді. Тек
өздерінің сүйіктісінің мерейін көріп, бар дүниені ұмытқан.
– Айқастан қашпа! – деп аласұра айғайлайды олар Ривераға.
– Ашыл, күшік! Ашыл! Өлтір оны! Дэнни, сенің ісің ақ!
Бүкіл залда салқынқанды жалғыз Ривера ғана. Темпераментке
келгенде Риверадан қызуқанды ешкім жоқ, бірақ ол тасқа ұрған
теңіз толқынындай шапшыған мына тобырдың жалыны оған
кешкі самалдың желпуіндей ғана әсер ететін алапат дауылдарда
шынықты емес пе!
Он жетінші раундта Дэннидің ойлағаны іске асқандай болды.
Оның ауыр соққысы Ривераны екі бүктеді. Қолдары сылқ түсіп,
тәлтіректеп шегіне берді. Дэнни бақытты сәт туды деп есептеді.
Бала қазір оның еркінде. Бірақ Ривера бұл айламен оны ашық
қалдырып, жойқын күшпен иектің астынан ұрды. Дэнни мұрт
тай ұшты. Үш рет көтерілмек болды. Ривера да соққысын үш
рет қайталады. Төреші оның мұнысын ешқашан бұрыс деп айта
алмайтын еді.
– Билл! Билл! – деп шыжбалақтады Келли төрешіге.
– Мен не істей аламын? – деп кейи жауап берді төреші. – Мен
сылтаурататын еш нәрсе жоқ.
Төреші оның қолғапты қолын алып, ықылассыз жоғары көтер
ді. Ривераны құттықтаған ешкім болмады. Секунданттар орындық
та қоймаған, өз бұрышына да жалғыз барды. Ол кермеге арқасын
тіреп, кекті көзімен секунданттарға қарады, бара-бара жанары он
мың жанкүйер отырған бүкіл залды шарасына сыйғызып алды.
Тізелері дірілдеп, әбден қалжырағандықтан талмау сырап кетті.
Мінездеу – жазушы шығарма кейіпкерінің сыртқы
портретімен қатар ішкі мінез-құлқын, көңіл күйін, ой-
сырын, дүниеге көзқарасын суреттейді.
: 1-тапсырма. Берілген шығармадағы сюжеттің
композициялық құрылымын жазыңдар.
156