Page 169 - ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ. 5-СЫНЫП. АТАМҰРА. СҮГІРБЕКОВА А.І.
P. 169
Ривера қалайда жеңілмеуге бел буды. Сегізінші раундта оның
қарсыласы әуелгі соққысын қайталағысы келіп әрекеттеніп бақты.
Тоғызыншы раундта жұрт тағы да тосын жайға тап болды. Бокс
шылар бір-бірімен жақындаса бергенде Ривера кілт шегінді де,
оң қолы найзағайша жарқ ете түсті. Дэнни құлап түсті. Жұрт
сілтідей тынды. Дэнни өз әдісінің құрбандығына шалынған-ды.
Оң қапталдан төменнен жұмсалатын оның атақты әдісі бұл жолы
өзіне жай оғы болып қайтты. Төреші тоғыз санағанда көтеріле
түскен Дэнниге ол қайыра шабуыл жасамады. Мексикалық қиын
жағдайға тап болғанда тырп етпеген төреші бұл жолы айқасты
жалғастыруға жіберер емес.
Оныншы раундта Ривера бәсекелесін иек астынан екі рет
оңдырмай ұрды. Дэнни болса долырып кетті. Езуінде кекті күл
кі ойнап, ызалана төбелеседі. Ол темірдей тегеурінімен жалтара
жүріп, бәсекелесін үш рет оңдырмай отырғызды-ау! Енді Дэнни
бәсеңсіп, он бірінші раундта сыр бере бастады. Осы сәттен он
төртінші раундқа дейін күшін үнемдеп, сақ қимылдады. Кәнігі
боксшылардың беделіне нұқсан келтіретін, рұқсат етілмеген
құйтұрқы тәсілдерді қолдануға да арланар емес. Шынтағымен
бәсекелесінің қолғабын қысып та қалды, қолғабымен Ривераның
аузы-мұрнын да басты, қапсыра құшақтап жатып, дауыстап ба
лағаттап та қояды.
Арамза қылықтарын көре тұра төрешіден бастап, көрермендер
бәрібір Дэннидің жағында.
154