Page 173 - ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ. 5-СЫНЫП. АТАМҰРА. СҮГІРБЕКОВА А.І.
P. 173

Гонг –
                             Секундант –
                             Төреші –
                             Раунд –


                         :  6-тапсырма.  Шығарманың  негізгі  идеясы  неде?  Риве­
                         раның  жеңіске  құлшыну  талабының  негізгі  мақсатына
                         қандай көзқарас білдірдіңдер?


                          : 7-тапсырма. Шығармадан Роберттің, Келлидің іс-әре­
                          кеттерін тауып, оқыңдар. Өмірдің мәні ақшада ма? Ри­
                          вераның орнында сендер болсаңдар, қалай істер едіңдер?


                         : 8-тапсырма.
                             А) «Бокстың шаршы алаңы – жеңіс пен әділдіктің
                         айнасы» деген тақырыпта эссе жазыңдар.
                             Ә)  Бокс  алаңында  бірнеше  дүркін  жеңіске  жеткен
                Г. Головкин және Қ. Ислам ағаларың туралы не білесіңдер? Біл­
                ген ақпараттарың жайлы сыныпта пікіралмасу сәтін өткізіңдер.


                          :  9-тапсырма.  Ғаламтордан  қарап,  ата-аналарыңның
                          көмегімен төмендегі ақпаратқа сараптама жасаңдар. Се­
                          бебін анықтап, сыныптас достарыңмен бөлісіңдер.

                    2016 жылы 5 наурызда Қытайдың Шанхай қаласы маңын-
                да  ережесіз  жекпе-жек  өтті.  Қазақстандық  спортшы,  «Әлем
                файтерс»  спорт  клубының  мүшесі  Айбек  Нұрсейіт  пен  Қы-
                тайдағы қазақ Ғабит Тұрғанбек финалға дейін барлық қарсы-
                ластарын жеңіп келген еді. Төреші екеуін қалай жекпе-жекке
                шақырды, олар екеуі де, жұдырық жұмсап, қол көтермеді. Бұлар
                тіпті таныс та емес еді. Осы оқиғаның себебін қалай түсін-
                діресіңдер?

                                 : Мәтінді тыңдаңдар. берілген уақыт ішінде тап-
                                 сырмаларды орындауларыңды өтінемін.



                    1-мәтін. Уақыт мөлшері: 9 минут.
                    1)  зал  Ривераны  қалай  қарсы  алды?  естігендеріңді  баян-
                даңдар.
                                                  158
   168   169   170   171   172   173   174   175   176   177   178