Page 160 - ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ. 5-СЫНЫП. АТАМҰРА. СҮГІРБЕКОВА А.І.
P. 160

Есіктен кірісімен, кідірмей іздегенім – елден келген
             шешей. «Жаңылыспай, дәл танитын шығармын», – деп
             ойласам  да,  көзімді  тиянақтата  алмай,  сәл-пәл  іркіліп
             қалғаным. Дастарқан басына келіп жайғасқаннан кейін
             ғана байқадым ол кісіні. Өзінің сырт нұсқасы мен білетін
             ауыл кемпірлеріне онша келіп тұрған жоқ. Иығына көгіл­
             дір жемпір іліп, басына жаздық гүлді орамал салған егде
             кісіні ала шұбар топтың ішінен бірден ажырата алмауым
             онша әбестік бола қоймаса керек. Ауылдан келген шешей
             зиялы  қауымның  ортасына  сіңісіп  еркін  отырсын  деп,
             келін-баласы әдейі осылай киіндірген болар.


                 Әпкесі үшін жауап берген тағы да Райхан:
                 – Жоқ, айтпады. Ол кісі ертегі білмейді екен.
                 –  «Білмейді»  дейді?  Қой,  білмегені  қалай?  –  деп
             Балқыз  сұраулы  көзін  маған  қадай  берген  еді,  қарап
             тұрмай Райхан тағы киіп кетті:
                 – Папа, айтшы. Ол өзі әже емес қой деймін, ә?
                 – «Әже емесің» не қызым-ау. Енді кім екен, ә? Қой,
             олай деп айтпа, ұят болады.
                 – Жоқ, папа. Ол – әже емес. Ол – жай ғана бабушка.
             Өйткені бәрі «бабушка» деді ғой. Мен білем, әже деген
             ондай болмайды. Өзің айтқансың.

                  :  6-тапсырма.  Өздерің  таңдаған  екі  кейіпкерге  талдау
                  жасаңдар.


                 : 7-тапсырма. Әңгімеде образдың қандай түрлері кездеседі?
                 Образдарды қандай белгілеріне қарап реалистік, роман-
                 тикалық деп жіктеген? Дәптерлеріңе жазыңдар.


                                                  Жазушы
            Кейіпкер           Портреті                             Менің ойым
                                                мінездемесі





                          : Мәтінді тыңдаңдар. берілген уақыт ішінде тап-
                          сырмаларды орындауларыңды өтінемін.
                              1-мәтін. Уақыт мөлшері: 10 минут.


                                                  147
   155   156   157   158   159   160   161   162   163   164   165