Page 155 - ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ. 5-СЫНЫП. АТАМҰРА. СҮГІРБЕКОВА А.І.
P. 155

5


                    Шешеймен бір-екі ауыз сөз алмасып, бойы үйрене бастаған
                Райханның:
                    – Әже, осы сіз шын әжесіз бе? – дегені қарап отырмай.
                    – Өзі не деген сүйкімді бала, бәрін біліп тақылдап отыр. («Тіфә,
                жерге түкіріңіз», – дей жаздап, ернімді қымқыра қойдым). «Әже»
                дейді мені. Жас келіп, балалар өсіп жатқан соң, қайтіп әже бол­
                массың. Уақыт өзі соған әкеледі екен ғой.
                    – Әже, әже болсаңыз, онда бізге ертегі айтып беріңізші, – деді
                сөздің ретін бағып үндемей отырған Ая сабырлы қалпын сақтаған
                күйі. Жолдастың жұбайының саңқылдаған өктем үні тағы естілді:
                    – Әй, мына Азаттың қыздары мүлдем басынайын деді ғой, ей!
                Біздің бабушка сендерге немене, ойыншық па еді сонша. Жоқ,
                бұрынғының ертегіші кемпірі ғой деп пе едіңдер, өтірік-шынды
                қиыстырып соға беретін. Кісінің мазасын алмай, ойнаңдар ана
                балалармен.
                    ...Тамақ ішіліп болып, ыдыс-аяқ жиналуға айналған кезде:
                    – Әсия, сәл кідіре тұр, апамыз ас қайырсын алдымен, – дедім
                үлкен  кісі  отырған  жердегі  дастарқан  салты  есіме  түсіп.  Аяқ-
                астынан шыққан тосын ұсыныс әркімге әрқалай әсер етті. Құп-
                таушы бір-екеу табылғанымен, негізгі көпшілік: «Мынау не деп
                отыр өзі»дегендей маған үдірейе қарап қалыпты.
                    –  Азат,  сені  де  естияр  жігіт  деп  жүрсем,  бүйректен  сирақ
                шығарып не айтып кеттің тағы? – деді Жолдас та.





























                                                  142
   150   151   152   153   154   155   156   157   158   159   160