Page 152 - ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ. 5-СЫНЫП. АТАМҰРА. СҮГІРБЕКОВА А.І.
P. 152
нағыз әже қайда?
(Әңгімеден үзінді)
1
Айналдырған екі бөлмені астан-кестен етіп мазаны ала бастаған
кезде: «Келіңдер, ертегі айтып берейін», – деп жалынып-жалба
рынып жүріп, үй ішінен безіп кеткен тыныштықты әрең қайырып
алушы едім. Құрғақ ақылды құлақтарына қыстырмай, ойнақ са
латын қос тентек «ертегі» деген кезде еріксіз жуасып, айтқанға
оңай көнеді. Осылай алдап-сулаймын деп жүріп, бұл екеуін ертегі
тыңдауға дәндетіп алған – менің өзім. Енді, міне, қымс етсе болға
ны: «Папа, бізге ертегі айтып берші. Біз бұрын естімеген қызық
ертегі», – деп ай-шайға қарамастан, тақымдап келіп отырғаны.
Тіпті, кейде мезгілсіз уақытта құмарта қалатындары бар.
Менің оларға айтатыным, көбінесе: «Ер Төстік», «Құйыршық»,
«Түлкі мен тазы» сияқты киіз туырлықты көшпелі елдің бала
сының құлағына сіңісті халық ертегілері. Перзентханада өмірге
келіп, балабақшада өсіп-өніп жатқан бүгінгі заманның сәбиі үшін
қызық та тосын дүниелер,
– Папа, тағы да. Балабақшада бізге мұндай ертегілер айт
пайды, – дейді Ая.
– Біздің тәтей бұл ертегілерді білмейтін шығар, – дейді кішісі
Райхан табан астында өзінше жорамал жасап.
– Тәтелерің сендерге қандай ертегі айтады сонда?
– «Айболит», «Қызыл телпек»... сонан кейін әлгі не бар ғой?
Кір-қожалақ бала туралы бар ғой.
– «Кірқоймас» деген ертегі ме?
– Иә. Папа, сен мұның бәрін қайдан білесің?
Үні жасына лайық нәзік болғанымен, Аяның сөйлеу мәнерінде
орнықтылық байқалады. «Райхан сенен екі жас кіші. Оны жылат
пай, қайта өзің көмектесе жүр», – деп шешесі екеуіміз құлағына
құя бергендіктен де болар, Ая сіңлісінің қасында кейде өзін үлкен
кісідей ұстауға тырысатын.
– Жоқ, Аятай... Мен сендер секілді балалар бақшасында өскен
жоқпын, мені тәрбиелеп, бағып-қаққан ауылдағы кәрі әжем бо
латын. Жаңағы қызық ертегілерді де мен сол кісіден естігенмін.
– Әже деген кім?
Бұл – ойына келгенді төтесінен қойып қалып, қарап отыратын
Райханның сұрағы. Үстірттеу ұққан кісіге сорақылау көрінгені
мен, кішкентайдың бұлайша сауал беруінің өз мәнісі бар.
139