Page 156 - ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ. 5-СЫНЫП. АТАМҰРА. СҮГІРБЕКОВА А.І.
P. 156
– Қазақтың үлкен асы – ет. Асты аяқасты етпейік. Апа, қа
рамаңыз жұрттың сөзіне. Жолдас балаңыз болса, біз де жат емес-
піз, – дедім... Бүкіл отырыстың бойында суырылып жұртты аузы
ма қаратқаным осы шығар. Пікір қақтығысына төрелік айтқан
тағы да Жолдас:
– Жағдай мынадай, жолдастар. Біздің бабушка бата қайыру
дегенді білмейді. Намаз оқымайтын современный кемпірден бата
сұраған сендер де қызықсыңдар.
Дастарқан басында ұшқын тиген қу шеңгелдей ду ете қалған
қалың күлкі шалқып кетті.
– Обшым, апа, қонақтардың көңілін қайтармаңыз. Құран сөзін
білмесеңіз де, батаңызды айтып, ниетіңізді Құдайға «направить»
ете салсаңыз болды, – деп Жолдас алақанын жайып, орнынан
тұра берді.
6
Қайтар жолда көлікті ұзақ тостық. Әншейінде сартылдап
жүріп тұратын трамвай сенбінің кешіне қарай сирексіп қалыпты.
Райхан мен шешесі тым көңілді, қонақтан алған әсерлерін жары
са бөлісіп, сөзден дес берер емес. Біреуден ұрыс естіген адамдай
болып, тымырайып үнсіз тұрған Ая екеуіміз. Бір-екі рет өзара
жасқана қарағанымыз болмаса, бір-бірімізбен жарытып сөйлес-
кеніміз де жоқ. Екеуімізді мазалаған ойдың ортақтығын содан-ақ
сездім. Жанымды қинаған жайсыз сезімді ашып айта алмай,
қуыстанатын секілдімін. «Сәбидің алдында өтірікші болдым-ау»
деген өкініш те бір сәт өзегімді жалап өтеді. Қызымның тұнжырау
себебін сезіп тұрсам да, ой түкпірін анық тани алмай, дағдардым.
Төмен салған ұзын кірпіктері жанарын жасырып, көлегейлей бе
реді. Сәл шытынаған қабағы мен салбыраңқы ұрты ғана қазіргі
көңіл күйінің хабаршысы.
– Папа, Аликтің әйбат кітабы көп екен. Бірақ бізге көрсеткен
жоқ. «Жыртып тастайсыңдар, сосын мұғалім ұрсады» деп бер-
мей қойды.
Мамасы сөзін жүре тыңдап, өзінше сөйлеп кеткен соң, Райхан
енді маған бұрылған. Сол-ақ екен, Балқыз да баласының сөзін өз
ойымен ұштастырып ала қойды.
– Оқушы баланың кітабын қайтесің? Онан да іздеп келген
әжеңді көргеніңді айтсаңшы. Жақсы әже емес пе, ә? Әне, жақсы
кісіні бала да біледі. Неғып үндемей тұрсың, Азат? Мода мен
143