Page 154 - ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ. 5-СЫНЫП. АТАМҰРА. СҮГІРБЕКОВА А.І.
P. 154

деген құрғақ қиялға тізгін бере бастайтын болған. Ең құрығанда,
        сондай әйбат кісімен бетпе-бет кездесіп, қызықтаудың өзі бұлар
        үшін тәп-тәуір арман.
                                               3

            Бір  күні  зайыбым:  «Азат,  әлгі  Жолдастың  Ажары  оқуға
        түсіпті. Конкурстан алдыңғылардың бірі болып өткен көрінеді.
        Соның қуанышына осы сенбіге бәрімізді шақырып отыр», – деді
        желпілдей сөйлеп. Бұндай жиындарға барып, төбе көрсетуге үнемі
        құлқымның бола бермейтіні рас. Тіршіліктің бәрін жиыстырып
        қойып, ғылыми еңбегімді бітіру үшін жанталасып жүргенім мы­
        нау. Шынын айтқанда, соңғы кезде ертегі айтуды қойып, бала
        тәрбиесі де жайына қалып барады. Жиын атаулының дәл қазір
        өзім  үшін  мүлде  тиімсіз  екені,  одан  пайда  емес,  уақытымды
        шығындап, тек зиян табатыным бесенеден белгілі. Әйтсе де жақын
        адамның тұңғышы оқуға түсіп жатса, ондай қуанышқа ортақтас­
        пау адамгершілікке жата ма?
            – Кейін құтты болсын айтып кіріп шықсақ та ештеңе ете қой­
        мас еді, – деді ол. – Бірақ осы жолы бармасақ, болмайын деп тұр.
            – Е, неге?
            – Елден Жолдастың шешесі келіпті.
            – Келсе қайтеді екен? Баласының танымайтын жолдасы келіп,
        сәлем бермеді деп ренжімейтін шығар ол кісі.
            –  Азеке,  жұмыс-жұмыс  деп  жүріп,  кішкентайларыңды  да
        ұмыта бастағаның ба? «Нағыз әжені» көрсетем» дегенің қайда?
            Сонда ғана барып, есіме сарт ете түскені. Бұл жолы шақы­
        рылған жерге желп етіп жетіп бара салмай, кәдімгідей мән беріп
        дайындалдық.


                                              4

            Есіктен кірісімен, кідірмей іздегенім – елден келген шешей.
        «Жаңылыспай,  дәл  танитын  шығармын»,  –  деп  ойласам  да,
        көзімді тиянақтата алмай, сәл-пәл іркіліп қалғаным. Дастарқан
        басына келіп жайғасқаннан кейін ғана байқадым ол кісіні. Өзінің
        сырт нұсқасы мен білетін ауыл кемпірлеріне онша келіп тұрған
        жоқ. Иығына көгілдір жемпір іліп, басына жаздық гүлді орамал
        салған егде кісіні ала шұбар топтың ішінен бірден ажырата ал­
        мауым онша әбестік бола қоймаса керек. Ауылдан келген шешей
        зиялы қауымның ортасына сіңісіп еркін отырсын деп, келін-ба­
        ласы әдейі осылай киіндірген болар.


                                                  141
   149   150   151   152   153   154   155   156   157   158   159