Page 139 - ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ. 5-СЫНЫП. АТАМҰРА. СҮГІРБЕКОВА А.І.
P. 139

үстіне су жаңа ақ футболка киген төрт жасар шамасындағы ер
        бала арнайы тіреу ағаштарымен керілген жүзім сабақтарының
        ұзына бойғы көлеңкесінің бір шетінде құммен ойнап отыр екен.
        Қолында ойыншық күрек... ойыншық шелек.
            Балмағамбет ағасының ұзатылған қыздары болатын. Солар­
        дың  бірінің  баласы  болар  деп  топшылаған  Есмағамбет  жүзім
        көлеңкесінде аяқтарын еңкейе басып балаға жақындады.
            Жақындап келгенше бала мұны байқаған жоқ.
                             – Мама-аа... мама-аа...
                             Сенсің ғой ең дана-аа...
                             Мәңгі дос сен ғана-а...
                             Мама-а, мама-а-а-а...
            Жанына келіп:
            – Әй, балақай, сенің атың кім? – дегенде барып, бала Есмағам­
        бетке бұрылды. Бірақ ойыншық шелекке ойыншық күрекпен құм
        салу ісін доғарған жоқ.
            – Атың кім дедім ғой, – деп қайта сұрағанда барып бала ұяң
        күлімсіреп:
            – Сержан, – деді ақырын ғана.
            – Кімнің баласысың?
            – Күміскүлдің.
            – Күміскүл кімнің қызы?
            – Балмағамбеттің.
            Есмағамбет енді еңкеңдеп барып, анадай жерден қолдан жа­
        салған ағаш орындықты алып, баланың дәл жанына жайғасты.


                                              3


            Ересектердің әңгімесі кезінде үшаяқты велосипедімен әрлі-бер­
        лі зырлап жүрген Сержан, кенет өрістен сиыр келіп, Балмағамбет
        сол сиырдың әуресімен тұрып кеткенде барып, осы сәтті аңдып
        жүргендей Есмағамбеттің жанына келді. Түс кезінде болған әңгі­
        меден кейін баланың бойы үйренгендігі болар, еркін. Әңгімені де
        өзі бастады.
            –  Сен Алматыдан келдің бе?
            –  Иә, Алматыдан келдім.
            –  Менің мамам да Алматыда, – деді бала еркінсіп, еркелеген­
        дей денесін Есмағамбеттің денесіне тигізіп тұрып.
            –  Білемін ғой...
            –  Менің мамамды танисың ба?


                                                  127
   134   135   136   137   138   139   140   141   142   143   144