Page 137 - ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ. 5-СЫНЫП. АТАМҰРА. СҮГІРБЕКОВА А.І.
P. 137
: 1-тапсырма. Отбасы құндылықтары туралы 5
мақал-мәтел жазып, мағынасын түсіндіріңдер.
тЫнЫМбАЙ нҰРМАғАìбетов
(1945 жылы туған)
1945 жылы 10 маусымда Қызылорда
облысы Жаңақорған ауданының Бірлік ауы
лында дүниеге келген. 1968 жылы Қызылорда
қаласындағы Н.В. Гоголь атындағы педагоги
калық институтты бітірген. 1981 жылы Мәс-
кеудегi М. Горький атындағы Жоғары әдеби
курсты тамамдаған.
Жазушының алғашқы әңгімелер жинағы
1971 жылы «Қауын иісі» деген атпен шыққан.
Көптеген шығармалары орыс тіліне аудары
лып, жеке кітап болып басылды. «Қош бол, ата», «Қарлығаштың
ұясы» әңгімелері «Жалын» альманахы өткізген жабық конкурста
жүлде алған.
Тынымбай Нұрмағамбетов «Табалдырығыңа табын», «Жо-
ғалған көл», «Кемпірлер үкімі» пьесаларының, «Тырналар ұшып
барады» телефильмі сценарийінің авторы. Жазушының «Қош бол,
ата» (1972), «Қарлығаштың ұясы» (1975), «Атақоныс» (1980),
«Дарияның арғы беті» (1981), «Бәйтеректер» повесть, әңгімелері
(1986), «Туған ауыл түтіні» романы (1989), «Балалық шақтың
әндері» повестер мен әңгімелері (1994), «Айқай» шығармалар
жинағы (2000), «Ауғандық құстар» (2009) сияқты көптеген ба
лаларға және ересектерге арналған көркем шығармалары бар.
: 2-тапсырма.
Тынымбай Нұрмағамбетовтің шығармашылығына байла-
нысты тағы қандай тың деректер білесіңдер? Ғаламторды пай-
далана отырып, жазушы өмірі мен шығармашылығына байла-
нысты білетіндеріңді толықтырыңдар.
125