Page 91 - ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ. 5-СЫНЫП. АТАМҰРА. СҮГІРБЕКОВА А.І.
P. 91
АДАМГЕРШІЛІК – АСЫЛ ҚАСИЕТ
: – Қымбатты достар! Сендермен бүгін «Адамгершілік –
асыл қасиет» деген тақырыпта ой өрбітетін боламыз.
«Жақсы мінез бен ақыл күші біріксе – бұл адамгершілік
қасиеттер» деген екен ағартушы-педагог Ыбырай атамыз.
: – Адамгершілік – адам бойындағы ең асыл қасиет және
адамзат баласының ең жоғарғы мақсатына бағытталады.
Бұл қасиет адамды мейірімділікке, Отанын, елін, отбасын
сүюге үйретеді. Егер адамда адамгершілік қасиет болмаса, ол адам
өз-өзін сыйламайды. Халқымыз адам бойына жат қылықтарды
мысалмен көрсететін болған.
: – Белгілі оқиғаларды тілге тиек ету барысында, өмірден,
қоршаған ортадан көптеген мысалдар келтіреміз. Ал әде
биеттегі мысал жанры деген не?
Мысал – шағын көлемді, оқиғалы, адамға сабақ бо
ларлық тәрбиелік, тағылымдық мәні бар шығарма.
Көбіне аң, хайуанат, жәндік туралы жазылады, сол
арқылы адам бойындағы мін, әлеуметтік ортадағы
кемшілік сықақпен сыналады. Идеясы астарсыз,
ашық, тура, мірдің оғындай өткір, шымшыма, шы
мыр келеді.
: – Ол өлеңмен де, қарасөзбен де беріледі. Еңбексүйгіштік,
әділдік, адалдық пен қарапа йымдылық сияқты жақсы
қасиеттерді мадақтап, үйретеді, жағымсыз қылықтарды
мысқылдап, одан сақтандырады.
: – Дұрыс айтасың, Айсұлтан! Мысалда аң, хайуанат,
өсімдік не болмаса өзге бір зат туралы сөз болғанымен,
ақынның немесе жазушының айтайын деп отырғаны адам
85