Page 92 - ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ. 5-СЫНЫП. АТАМҰРА. СҮГІРБЕКОВА А.І.
P. 92

туралы  екенін,  адам  бойындағы  мінді,  кемшілікті  тұспалдап,
                ажуа-күлкі ететінін білуіміз керек. Шығарма авторы оқушыға,
                тыңдаушыға кейіпкерлердің іс-әрекетіне баға беруге жәрдемде­
                седі.


                          :  –  Өмірді  шыншылдықпен  суреттеуде,  әртүрлі  топтар
                          өкілдерінің мінезін, іс-әрекетін дәл көрсетіп, сатиралық
                          бейнелер жасауда сөз өнерінде мысал жанрынан асқан
                көркемдік құрал жоқ.



                         : – Мысал арқылы (өмірден алынған шығармалар) әлеу-
                         меттік ойға ықпал етуге болады. Бір жағынан қызықты
                         форма, екінші жағынан ұғымды идея, үшінші жағынан
                         тұрмыста кездесетін суреттер ұласа келеді. Әртүрлі аңдар
                түрлі адамдар кейпінен хабар беріп, ишара тұжырым жасалады.
                Адамдардың мінезі, өмір ағысы, тағдыр сабағы, заманға қатысты
                көптеген жайттарды мысалмен суреттеуге болады.


                           Мысалда адамдардың орнына жануарлар мен жән­
                           діктерді,  өсiмдiктердi  алып  көрсеткен.  Олар  адам
                           істеген әрекетті жасайды. Бұлай көрсетуді аллегория
                           деп атайды.





                          :  –  Қазақ  сөз  өнерінде  мысал  жанрын  дамытқан  Абай
                          атамыз. Ол орыстың белгілі мысалшысы И.А. Крыловтың
                          мысалдарын аударған.



                         : – Абай атамыздан кейін қазақтың көрнекті ақыны Ахмет
                         Байтұрсынұлы атамыз аударып, 1909 жылы Петербургте
                         «Қырық мысал» деген атпен жеке кітап етіп шығарды.



                          : – Достар! Ахмет атамыздың ғұмырнаманасы, мысал өлең-
                          дерімен бірге танысайық!






                                                   86
   87   88   89   90   91   92   93   94   95   96   97