Page 97 - ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ. 5-СЫНЫП. АТАМҰРА. СҮГІРБЕКОВА А.І.
P. 97

: 8-тапсырма.

                                       Адамдық диқаншысы қырға шықтым,
                                       Көлі жоқ, көгалы жоқ құрға шықтым.
                                       Тұқымын адамдықтың шаштым, ектім,
                                       Көңілін көгертуге құл халықтың, –

                    деген өлең жолдарының мәнін қалай түсіндірер едіңдер?


                          : 9-тапсырма. «Мен – адамдық диқаншысымын» деген
                          тақырыпта эссе жазыңдар.



                                 : Мәтінді тыңдаңдар. берілген уақыт ішінде тапсыр-
                                 маларды орындауларыңды өтінемін.


                    1-мәтін. Уақыт мөлшері: 5 минут.
                    1) Адамдық диқаншысының мақсаты не?
                    2)  Адамдық диқаншысы қырға шықтым,
                       Көлі жоқ, көгалы жоқ құрға шықтым деген жолдардағы
                көлі жоқ, көгалы жоқ деген сөздері арқылы ақын нені айтпақ
                болады?
                    3) Адамдықтың тұқымы деген не? Мысал келтіріңдер.

                    4)  «Тұқымын адамдықтың шаштым, ектім, Көңілін көгер-
                туге құл халықтың» деген жолдардағы құл халық, адамдықтың
                тұқымы, көңілін көгертуге деген сөздер әдеби-теориялық ұғым-
                ның қайсысына сәйкес келетінін табыңдар.



                          : 2-мәтін. Уақыт мөлшері: 10 минут.


                1) осы оқиғаның соңын жазыңдар. не жайында айтылады?
                            «Оттай бер, жануарым екі аяқты,
                            Адамдық хайуанға қанша қажет?!»


                    2) «Жорта бер қамыт киіп, қамшыңды жеп,
                         Бұйрық жоқ ұрасың деп үндемекке» деген өлең жолдарын-
                да не жайында айтылады?

                                                   90
   92   93   94   95   96   97   98   99   100   101   102