Page 102 - ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ. 5-СЫНЫП. АТАМҰРА. СҮГІРБЕКОВА А.І.
P. 102

: – Бүгін біз жанрдың жаңа бір түрі хикаятпен танысамыз.





                              Хикаят (повесть) – көлеміне қарағанда, романнан
                           кіші, әңгімеден үлкен шығарма.
                              Хикаят – баяндау түрінде қарасөзбен жазылған
                           оқиғалы көлемді шығарма. Бұл эпикалық проза жан­
                           рының бір түрі. Хикаяттың көлемі емес, көтерген
                           жүгі мен арқау еткен мәселесінің aуқымы шағын.
                           Оқиғаны жан-жақты суреттеу, философиялық түйін
                           жасау, қат-қабат тартыстар сияқты романда кезде­
                           сетін кең тынысты тәсілдер хикаятта бола бермейді.
                           Ахмет Байтұрсынұлы хикаят туралы: «Ұлы әңгіме­
                           ден өресі қысқа, өрісі тарлау түрі ұзақ әңгіме деп
                           аталады», – дейді.






                          : – Қазақ әдебиеті тарихында хикаят жазып қалдырған
                          жазушыларымыздың бірі – Бердібек Соқпақбаев атамыз.

                          : – Бүгін Бердібек атамыздың «Менің атым қожа» хикая-
                         тымен танысайық.


                                       беРдібеК СоқПАқбАев
                                               (1924–1991)


                    Бердібек Соқпақбаев 1924 жылы қазіргі Алматы облысы На­
                                       рынқол  ауданы  Қостөбе  ауылында  дүниеге
                                       келген. Қазақ балалар жазушысы. «Жұлдыз»,
                                       «Балдырған»  журналдарында,  Қазақстан
                                       Жазушылар одағында түрлі қызмет атқарды
                                       (1952–1970). «Бұлақ» (1950) өлеңдер жинағы,
                                       «Он  алты  жасар  чемпион»  (1951),  «Бақыт
                                       жолы»  (1952),  «Алыстағы  ауылда»  (1953),
                                       «Балалық шаққа саяхат», «Дала жұлдызы»
                                       (1960), «Аяжан» (1963), «Гауһар» (1966) по­
                                       вестерін жазды.
                                                   94
   97   98   99   100   101   102   103   104   105   106   107