Page 100 - ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ. 5-СЫНЫП. АТАМҰРА. СҮГІРБЕКОВА А.І.
P. 100

: 7-тапсырма. Піскен бидай мен дәні толмаған бидайдың
                  диалогін құрастырыңдар.



                 :  8-тапсырма.  «Адамдық  диқаншысы»,  «Аққу,  шортан
                 һәм шаян», «Егіннің бастары» мысалдарының сюжеттік
                 ұқсастықтарын табыңдар.


                  : 9-тапсырма. «Адамдық диқаншысы», «Аққу, шортан
                  һәм  шаян»,  «Егіннің  бастары»  мысалдарындағы  адам
                  бойындағы жағымсыз мінездерді анықтап, одан құтылу
                  жолдары туралы өз ойларыңды жазыңдар.



                         : Мәтінді тыңдаңдар. берілген уақыт ішінде тап-
                         сырмаларды орындауларыңды өтінемін.


            4-мәтін. Уақыт мөлшері: 10 минут.

            1)  Көкке қараған бидайға мінездеме жазыңдар.
            2)  тағзым еткен бидайлардың портретін беріңдер.

            3)  әкесі бидайдың қылығын қалай түсіндіріп берді?


                  : 5-мәтін. Уақыт мөлшері: 10 минут.
                  1)  Тәкаппар  сөзінің  синонимдерін  тауып,  адамның
                  жағымсыз мінез-құлқын тізіп жазыңдар.

            2) «Қалпы емес тәкаппарлық данышпанның...» деген жолдар-
        дан не түсінесіңдер?


                 : – Айсұлтан! «Қазақ әдебиеті» оқулығы күн сайын бізді
                 жаңа жанрларымен, жаңа шығармаларымен таныстырды.



                  : – Дұрыс айтасың, Айзере! «Қазақ әдебиеті» оқулығын
                  оқыған  сайын  туған  әдебиетіміздің  қаншама  сөз  мар­
                  жандарымен танысып отырмыз. Авторлары да, жанрлық
        ерекшелігі де, сонымен қатар көлемі де әр алуан.


                                                   93
   95   96   97   98   99   100   101   102   103   104   105