Page 103 - ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ. 5-СЫНЫП. АТАМҰРА. СҮГІРБЕКОВА А.І.
P. 103

«Менің атым Қожа» (1957) кітабы балалардың сүйіп оқитын
        шығармасына айналып, орыс, украин, француз, литва, латыш,
        өзбек тілдеріне аударылды.
            1963 жылы «Қазақфильм» студиясы сол кітап бойынша жа­
        зылған киносценарийді экранға шығарды. 1965 жылы «Балалық
        шаққа саяхат» атты повестің желісімен фильм түсірілді. «Менің
        атым Қожа» Францияның Канн қаласындағы жастар мен бала­
        ларға арналған кинофильмдердің халықаралық фестивалінде 1967
        жылы арнайы сыйлыққа ие болды.
            Б. Соқпақбаев «Бозтөбеде бір қыз бар» (1958), «Әпенденің айла­
        сы» (1960), «Менің атым Қожа» (1967), т.б. драмалық шығармалар
        жазды. Жазушының қырқыншы жылдардағы жастар өмірінен
        жазған «Өлгендер қайтып келмейді» романы орыс тіліне ауда­
        рылып басылды (1969).


                                 Менің АтЫМ қоЖА
                                   (Хикаяттан үзінді)
                                      Менің атым...

            Менің атым...
            Атымды айта бастасам, тілім таңдайыма жабысып қалғандай
        болады да тұрады. Адамның атының сүйкімді болуы да зор бақыт
        па деймін. Мәселен, Мұрат, Болат, Ербол, Бақыт деген аттарды
        алып қараңдаршы. Айтуға да ықшам, естір құлаққа да жағымды.
        Әрі мағына жағынан да, қазақ тілінен сабақ беретін Майқанова
        тәтейше  айтқанда,  бұлар  жоғары  идеялы  есімдер.  Мұндайлар
        өз  атын  кәдімгідей  мақтаныш  көріп,  біреумен  таныса  қалса,
        мәнерлеп, көтеріңкі дауыспен айтады. Ал енді айтуға да, естуге
        де қолайсыз есімдер бар. Өзге түгіл өзіңе де ұнамайды-ақ. Әттең,
        қолдан келсе, табанда өзгертіп, әдемі аттардың бірін иемденіп
        алар едің. Бірақ амалың нешік, сен қызылшақа болып, жөргек­
        те жатқанда, сондағы ақымақтығыңды пайдаланып, әке-шешең
        немесе шілдеханаға  келіп,  дуылдап отырған басқа біреу солай
        атап жіберген. Өкембайдың баласына Тыңжыртар деп ат қойған
        секілді өзге қызу жұрт сол арада ду қостап, осы болсын баланың
        аты, осы болсын, мұнан жақсы атты дүниені шырқ айналсақ та
        таппаймыз дескен. Міне, сол күннен, сол мезеттен бастап, әлгі
        ат сенімен бірге туғандай маңдайыңа шапталған да қалған. Енді
        одан көзің тіріде қашып құтыла алмайсың. Ұнатпасаң да, мой­
        ныңа іліп жүре бересің.


                                                   95
   98   99   100   101   102   103   104   105   106   107   108