Page 99 - ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ. 5-СЫНЫП. АТАМҰРА. СҮГІРБЕКОВА А.І.
P. 99

Және де әкесі айтты баласына:
                              «Сұқтанба құр сорайған қарасына.
                              Құдайым өзгесіне дән бергенде,
                              Бұл бидай дәнсіз қапты арасында.

                              Бидайлар басы толық иіліп тұр,
                              Дән берген қожасына сиынып тұр.
                              Басында бұл бидайдың дәні болмай,
                              Кекірейіп, көкке қарап, бүлініп тұр».

                                                    * * *
                              «Елде көп бұл бидайдай адам, – дейді,–
                              Тәкаппар, оны халық, жаман, – дейді, –
                              Қалпы емес тәкаппарлық данышпанның,
                              Тұтынба бұл мінезді, балам», – дейді.

                                 : 1-тапсырма. Мысал өлеңнің жоспарын құрыңдар.
                                 Құрылған жоспар бойынша сюжетін әңгімелеңдер.


                         : 2-тапсырма. Диалогті табыңдар. Әке мен баланың диало­
                         гін кезектесіп оқыңдар.


                          : 3-тапсырма.
                          Бидайдың сипаты арқылы берілген адам мінез-құлқын
                          қарасөзбен жазыңдар.

                             4-тапсырма. Сұрақтарға жауап беріңдер.
                             1. «Егіннің бастары» мысалында не жайында айтыла­
                             ды?
                    2. Піскен бидай мен шикі бидай деген сөздерді адам болмысына
                ауыстырып, сипаттама беріңдер.
                    3.  Ақылды,  адамгершілігі  мол,  білімі  терең  адам  қасиетін
                бидай сипатында айтып беріңдер.

                            5-тапсырма.  Өлең  жолдарынан  көріктеу  құралдарын
                            тауып, теріп жазыңдар.


                         : 6-тапсырма. «Қарапайымдылық – қадірлі қасиет» атты
                         тақырыпта пікіралмасу сәтін ұйымдастырыңдар.


                                                   92
   94   95   96   97   98   99   100   101   102   103   104