Page 93 - ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ. 5-СЫНЫП. АТАМҰРА. СҮГІРБЕКОВА А.І.
P. 93
АХМет бАЙтҰРСЫнҰЛЫ
(1872–1937)
Ахмет Байтұрсынұлы 1872 жылы қыр
күйек айының 5-і күні қазіргі Қостанай
облысы Жангелді ауданы Сарытүбек ауы
лында дүниеге келген.
Қазақ халқының ағартушы ақыны, әде
биет зерттеушісі, түркітанушы, публицист,
педагог, аудармашы және қоғам қайраткері.
ХХ ғасырдың басындағы Алаш қозғалы
сы жетекшілерінің бірі, мемлекет қайрат
кері, ұлттық жазудың реформаторы.
А. Байтұрсынұлы артына көп мұра қал
дырды. Солардың бірі – көркем аударма
саласы. Ол орыс классиктерінің шығармаларын қазақ тіліне
аударып, бұл саланы байытуға мол үлес қосты. И.А. Крылов
мысалдарының бір тобын қазақ тіліне аударып, «Қырық мысал»
деген атпен жеке жинақ етіп бастырды. И.И. Хемницердің «Ат пен
есек», А.С. Пушкиннің «Балықшы мен балық», «Алтын әтеш»,
«Ат», «Данышпан Аликтің ажалы» шығармаларын, орыстың бел
гілі лирик ақыны С.Я. Надсонның өлеңін қазақ тіліне аударды.
Ғалым пікірі
Міржақып дулатұлы:
«… А. Байтұрсынұлының өлеңдері өзінің сыртқы
қарапайымдылығы, ішкі мазмұны, жеңілдігі және
біркелкілігі жағынан қазақ әдебиетінде бірінші
орын алады… А. Байтұрсынұлының арқасында са-
насыз түрде болмаса да, шын мәнінде орыстана
және татарлана бастаған қазақ зиялыларының бір
тобы дереу есін жиып, … өз ағаттықтарын түсіне
бастады…»
87