Page 14 - Книга1
P. 14

Роман сюжеті Бэзил Холлуорд атты суретшінің жас әрі

              сымбатты досы, Дориан Грейдің портретін жазуынан

              басталады. Суретшінің өз жұмысына ғашық болғаны

              соншалық, ол портретті қомақты сомаға сатуға болатын
              мүмкіндігінен де түбегейлі бас тартып, оны ешкімге

              бермей, Дорианның өзіне тарту еткенді дұрыс көреді.

              Кітаптың басты кейіпкерлерінің бірі, Бэзилдің досы лорд
              Генри бойындағы цинизм мен өзінің өмірге деген

              көзқарастарымен жас жігіттің санасын улап, оған жаман

              жағынан әсер етіп жүреді. Әңгімелерінің бірінде ол
              Дорианға: "Сен жассың әрі табиғат саған сұлулық берерде

              шексіз жомарт болған көрінеді, алайда сенің бұл келбетің

              мәңгілік сақталмайды, уақыт өте келе сен жүзіңде
              әжімдерді байқайсың, ал өлерде ешкімнен ерекшеленбей,

              кәдімгі ұсқынсыз қартқа айналасың" - дейді де, жігітті

              терең ойға батырады. Алдымен өз портретіне қарап,

              тамсанып жүрген Дориан енді жиіркене бастайды. Ол
              "Шіркін, менің жастығым мен сұлулығым ешқашан жүзімнен

              кетпей, оның орнына мына портрет қартая берсе екен ғой"

              деп армандап, өміріне налиды. Арада біраз уақыт өтіп,
              Дориан Грей бір адамның өліміне себепкер болады. Осы

              жайттан кейін портретіне қараған жігіт ондағы

              келбетінің өзгеріске ұшырағанын байқайды. Сол сәтте ол

              шайтанмен мәміле жасағанын сезініп, бүкіл күнәлары мен
              аяусыз өтетін уақыт тек сол суретте ғана бейнеленіп, ал

              өзі мәңгілік жас болып жүретінін ұғады. Лорд Генридің

              берген кеңесіне сүйеніп, ол күндерін сансыз күнә жасаумен
              өткізіп жүреді.
   9   10   11   12   13   14   15   16   17   18